Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылы қаржыны қай валютада сақтаған жөн

Ресейдің беделді қаржы сарапшыларының бірі, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова ҚазАқпарат ХАА тілшісіне 2017 жылғы «доллар-теңге» дуэтінің айырбастау дәлізіне қатысты болжамдарын айтып берді.

istock_000003037994medium-700x465

«Нарықтың баршаға аян дәлізі ретінде2017 жылы АҚШ доллары қазақстандық теңгеден айтарлықтай басым болады, бірақ бұл теңгеге тұрақты қысымды білдірмейді. Еуро 335-410 теңге көлемінде қалады. Доллардың орташа құны келесі жылы 310-380 теңге болады», – деді Бодрова.

Сондай-ақ, инфляциялық ахуал қолданыстағы конъюнктурада дамитын болады. Тұтынушылық баға индексі бірте-бірте төмендейді және жыл қорытындысы бойынша 6% құрайды. Бодрова ақшаны қандай валютада сақтау керегін айтты.

«АҚШ долларын алуда нақты мақсат болуы тиіс. Егер мақсат жеке жинағыңызды толтыру болса, курсты бақылап, теңге тұрақтанған кезде ғана USD сатып алған жөн. Егер сыртқы жағдай күтпеген тосынсыйлар әкелмесе, курстық құбылмалылық бірқалыпты болуы мүмкін. Қазір, валюталар мен шикізаттың стрессі жоқ кезде, жеке жинақ себеті өз келбетін өзгертеді. Онда шамамен 60% АҚШ доллары, 30% теңге, қалғаны еуро мен қолма-қол ақша болуы мүмкін», – деп есептейді Анна Бодрова.

Жіберіп алмаңыз:

Келесі жылдан бастап ауылдықтар 16 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады

Халықтың зейнетақы жинақтау қорындағы қаржысы ұрланды деген ақпарат тарады

“Эйр Астана” 2017 жылы билет бағасын арзандатады

Талқылау