Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдың шілде айына арналған жұлдыз жорамал

Stan.kz 2017 жылдың шілде айына арналған жұлдыз жорамал ұсынады.

ьоль

Тоқты. Шілде айында айналаңыздағылардың сізбен қандай ниетпен дос болып жүргенін білетін боласыз. Бірі қуанышыңыз бен қайғыңызды қатар бөліссе, енді екіншілері бойын аулақ ұстайтын болады. Күш-қуатыңыз тасып, тау мен тасты қопарып жіберетіндей күй кешесіз. Махаббат мәселесінде ақылға қонымсыз әрекеттер жасаудан сақтаныңыз.

Денсаулық

Жалпы тек табиғи өнімдерді тұтынғаныңыз жөн. Мысалы, жеміс-жидек, көк шөп. Айран, сүт және ірімшік сынды тағамдар туралы ұмытпаңыз. Жатар алдында түрлі иістендіргіштер қосылған ваннаға шомылыңыз. Тек позитивті адамдармен араласуға тырысыңыз.

Махаббат

Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіру үшін бірегей жолдар іздеуіңізге тура келеді. Күйбен тіршіліктен шаршаған болсаңыз, шетелге жолдама сатып алып, саяхаттап қайтқандарыңыз жөн. Романтика мен “жылы сөздер” жүректеріңіздегі махаббат отын қайта маздатады. Шілде айында айналаңызға зер сала жүріңіз. Өмірлік жарыңызға айналатын адамды жолықтырып қалуыңыз мүмкін.

Мансап

Көп істің басын қайыратын уақыт келді. Мұнымен қатар, серіктестеріңізбен көп тақырыптың басын ашып сөйлесуіңізге тура келеді. Әріптестеріңізбен ортақ шешім таба алмаған жағдайда, жобаңызды басшылықтың алдында дұрыстап қорғай алмауыңыз мүмкін. Ал жарнама және туризм саласында жұмыс істеп жүрген тоқтылардың айы оңынан туады.

Табысты күндер: 3, 7, 10, 15, 20, 24, 30
Жағымсыз күндер: 5, 18, 22

Торпақ. Бұл айда сөзсіз бақытқа кенелесіз. Соңғы бірнеше айда ойға алғаныңыздың барлығына қол жеткізесіз. Бірақ, осымен тоқтап қалудың қажеті жоқ. Әйтпесе, мансап құрып, бизнес ашатын мүмкіндікті жіберіп аласыз. Осы айда жеке өміріңізді де бір арнаға түсіретін уақыт келді. Үйде отыра бергенше, сыртқа шығып, достарыңызбен көбірек тілдесіңіз.

Денсаулық

Торпақтар күнге қыздырынып, жылы ауа райына риза болғандары жөн. Осылайша иммунитетіңізді қалпына келтіріп, күз алдында түрлі аурулардан қорғанасыз. Десе де, осы айда аллергияңыз қозып кетуі мүмкін.

Махаббат

Шілде айында көптеген адамнан отбасын құру туралы ұсыныс аласыз. Кіммен бірге болып, кіммен қош айтысу керектігін өзіңіз шешіңіз. Ал сүйіктісі барлар бір сәттік ләззатқа беріліп, опасыздық жасап қоймағандары абзал. Шілде айының соңына қарай бұрынғы сүйіктіңізбен жолығып қалуыңыз мүмкін.

Мансап

Осы айда мансап мәселесінде де, қаржы мәселесінде де жолыңыз болады. Бастығыңыз жауапкершілігіңізді ерекше бағалап, сыйақы ұсынады. Сол себепті, әзірден шет тілдер курсына жазыла беруіңізге болады. Көп ұзамай шетелге шығуыңыз да ғажап емес. Десе де, қымбат заттар алуға асықпағандарыңыз жөн. Ақша басты мақсатыңызды жүзеге асыруға керек болып қалуы мүмкін.

Табысты күндер: 6, 10, 14, 19, 22, 26
Жағымсыз күндер: 4, 10, 18

Егіздер. Шілде айында көптеген жаңа адамдармен танысып, қызықты оқиғаларды бастан кешіресіз. Жан қалауыңызды жүзеге асырып, көп табыс таба алатын жұмысқа орналасасыз. Тек болашақ жоспарларыңыз туралы ешкімге айтпауға тырысыңыз. Өзіңізге сенімсіздік танытуды доғарып, болашаққа үлкен сеніммен қараңыз. Оның үстіне бұл жолы отбасыңыз сізге толықтай қолдау көрсететін болады. Достарыңызбен ренжіскен жағдайда, бірінші қадамды өзіңіз жасаңыз.

Денсаулық

Ағымдағы айда денсаулығыңызға абай болыңыз. Аурудың ең майда белгілеріне мән беріңіз. Өкінішке орай, физикалық денсаулығыңыз қалпында болғанымен, жүйке жүйеңіз әбден тозып кеткен. Депрессиядан сақтану үшін алдын ала психоаналитик маманның қабылдауына жазылып қойыңыз. Эмоцияңызды іште сақтау әдетінен арылыңыз. Ашуланып тұрғаныңызды сезсеңіз, бойыңызды адамдардан алшақ ұстағаныңыз жөн. Әрдайым позитивті ойласаңыз, психикалық денсаулығыңызға қауіп төнбейді.

Махаббат

Өзгенің пікіріне алаңдауды доғарып, жеке өміріңізді ретке келтіретін уақыт келген сияқты. Махаббат пен қарым-қатынасқа деген көзқарасыңызды өзгертетін болсаңыз, өмірлік жарыңызды жолықтыруыңыз да ғажап емес. Жер белгісінің иелерімен жақсы дос болып, Ауа белгісінің иелерімен мәңгілік махаббаттың дәмін татуыңыз мүмкін. Өкінішке орай, маусым айының соңына қарай сүйіктіңізбен ренжісіп қаласыз.

Мансап

Жуырда жұмысқа байланысты өте жақсы ұсыныс келіп түседі. Аталған жұмыстың жалақысы бұрынғысынан әлдеқайда жоғары болмақ. Мансап жолында табысқа жету үшін өте көп еңбектену керектігін жадыңыздан шығармаңыз. Басты мәселе, тынымсыз еңбекте емес, өмірлік ұстанымдарыңыз бен қағидаларыңыздың қателігінде екендігін ұмытпаңыз.

Табысты күндер: 6, 10, 15, 19, 24, 28
Жағымсыз күндер: 2, 8, 14

Шаян. Көп оқиға өзіңіздің еркіңізден тыс жүзеге асып отыратын болады. Айналаңызда жеңілтек мінезді адамдар көбейе бастайды. Шалыс басып қалмас үшін, ішкі даусыңызды тыңдаңыз. Табыс өздігінен және бірден келе салмайды. Сол себепті, тек өзіңізге сенім артыңыз. Бар назарыңызды жарыңыз бен балаларыңызға бағыттаңыз.

Денсаулық

Көңіл-күйіңізді көтеруге жаттығу залы көмектеседі. Таңертең түрлі жаттығулар жасап, велосипед айдаңыз. Тамақтану тәртібін дұрыстап, ет пен көкөністерді көбірек тұтыныңыз. Әйел адамдар ауыр жарақат алып, сүйектерін сындыруы мүмкін. Сол себепті, барынша мұқият болуға тырысқан жөн.

Махаббат

Ағымдағы айда жаңа таныстықтар мен романтикаға орын табылады. Өкінішке орай, қалыңдығыңызбен немесе күйеу жігітіңізбен айырылысуыңызға тура келеді. Әйел адамдар екі сүйіктісінің арасында таңдау жасай алмай қиналады. Жылдамырақ таңдау жасамаған жағдайда, жалғыз қалуыңыз да ғажап емес.

Мансап

Жұмыс саласында көптеген өзгеріс болады. Өзіңіз ойлағандай қаржы мәселесінде қиындықтар тумайды. Айдың соңына қарай мұраға кенелесіз.

Табысты күндер: 7, 10, 14, 20, 21, 23, 26
Жағымсыз күндер: 2, 8, 28

Арыстан. Бұл айда жоспарсыз жұмыс істейтін боласыз. Өткен сәтсіздіктеріңізді ысырып, болашаққа сеніммен қараңыз. Мұнымен қатар, шілде айында отбасы мен қызметке байланысты маңызды шешім қабылдауыңызға тура келеді. Жолыңыз болмаған жағдайда, өзіңізге ренжудің қажеті жоқ. Барынша түсіністікпен қарауға тырысыңыз.

Денсаулық

Жұлдыздар көбірек қозғалып, суда жүзуге кеңес береді. Иммунитетіңізді қалпына келтіріп қана қоймай, дене сымбатыңызды сұлуландыра түсесіз. Күнделікті асыңызға айран, йогурт және қатық сындыларды қосуды ұмытпаңыз. Спортпен шұғылданбас бұрын дәрігерге жүрегіңізді тексертіп алыңыз.

Махаббат

Сүйіктіңізбен жүздесуге уақыт таппай жүрген болсаңыз, ойланбастан кезекті демалысқа өтініш жазыңыз. Бірге саяхаттау арқылы қарым-қатынастарыңызды ретке келтіретін боласыздар. Мұнымен қатар, бір-бірлеріңізді жақынырақ тани түсесіздер.

Мансап

Командаңызға тек позитивті адамдарды жинауға тырысыңыз. Табысыңызды ұлғайту үшін қазірден бастап ақшаңызды үнемдеңіз. Ең бастысы, өткен іске өкінбеңіз және ешкімге қызғанышпен қарамаңыз.

Табысты күндер: 9, 13, 18, 21, 25, 29
Жағымсыз күндер: 5, 11, 20

Бикеш. Игі істер жасап, бір ай ішінде бірнеше мемлекетті шарлайсыз. Өміріңізді түбегейлі өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыз. Ақшаға байланысты қиындықтар да сізге кедергі келтіре алмайтын болады. Ең бастысы, осы жолда сізге отбасыңыз, достарыңыз бен әріптестеріңіз көмектеседі. Жұлдыздар ішкі жан-дүниеңізге ғана емес, сыртқа келбетіңізге де өзгеріс енгізуге кеңес береді.

Денсаулық

Физикалық денсаулығыңызға байланысты ешқандай қиындық тумайды. Ең бастысы, дұрыс тамақтанып жүріңіз. Айналаңызда энергияға толы, оптимист адамдарды ғана қалдырыңыз. Ер адамдар таңертеңгілік жаттығуды жібермегендері жөн. Бірақ, спортпен шұғылданбас бұрын жүрегіңізді дәрігерге тексертіп алыңыз.

Махаббат

Ағымдағы айда Еуропа мемлекеттеріне саяхаттайсыз. Саяхат кезінде сізге ерекше ғашық болатын жанды жолықтырасыз. Айдың соңына қарай бұрынғы сүйіктіңізбен жолығасыз. Өткен өміріңізбен толықтай қош айтысқыңыз келсе, оған мүлдем мүмкіндік бермегеніңіз жөн.

Мансап

Бастығыңыз сізді шетелге оқуға жіберуі мүмкін. Ең бастысы, жаңа өзгерістерге іштей дайын болып жүріңіз. Мұнымен қатар, бастық сіз ұсынған жобаны қабылдап, жалақыңызды айтарлықтай көтереді. Жұлдыздар әйелдерге кез келген жұмысты істей беруге кеңес береді. Әйтпесе, бұл айда түрлі қиындықтармен бетпе-бет келуіңіз мүмкін.

Табысты күндер: 1, 10, 20, 23, 27, 31
Жағымсыз күндер: 6, 12, 30

Таразы. Тағдыр сізге тамаша тосын сый әзірлеп қойды. Мансап жолында ілгерілеуіңіз де ғажап емес. Ішкі түйсігіңізге сенім артсаңыз, өте жақсы серіктеспен жолығасыз. Кішігірім белгілердің өзі сізге үлкен жетістерге жетуге көмектесетін болады. Әйел адамдардың қандай істе болсын асықпағандары жөн. Уақыт барлығын өзі реттейді. Бос уақытыңызды көбірек отбасыңызбен өткізуге тырысыңыз.

Денсаулық

Сізге артық салмақ жинап алу қаупі төніп тұр. Сол себепті, қатаң диета ұстаңыз. Мұнымен қатар, маманның кеңесінсіз түрлі дәрі-дәрмек ішпегеніңіз жөн.

Махаббат

Әріптесіңізді сүйіп, екі оттың арасында қалуыңыз ғажап емес. Су белгілерімен тығыз қарым-қатынаста болмағаныңыз жөн. Әйтпесе, қатты өкінуіңіз мүмкін. Қандай жағдай болмасын, өзіңізге үлкен сабақ аласыз. Көпке дейін сүйіктіңізбен сөз таластырып, жанжалдасасыз.

Мансап

Соңғы кезде өзіңіз де жұмысқа барғыңыз келмей жүрген сыңайлы. Олай болса, басқа салаға ауысатын уақыт келген сияқты. Мұнымен қатар, шілде айында әріптестеріңізбен сыйыңыз жараспай, қатты қиналасыз. Десе де, 2017 жылы қаржы мәселесінде еш қиындық тумайды.

Табысты күндер: 2, 4, 13, 15
Жағымсыз күндер: 1, 9, 17

Сарышаян. Сізде осы айда талай қызықты жұмыстар күтіп тұр. Қуанышыңызға орай, бұл жолы құжаттармен жұмыс істемейсіз. Ал жоспарларыңызды жүзеге асыруға достарыңыз көмектеседі. Әйелдердің бойындағы сенімділігін арттырып, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынаста бола білгендері жөн. Көп шығындалмайтын болсаңыз, жоспарларыңызға қаржы жиналып қалуы да мүмкін.

Денсаулық

Бұрынғыдай емес, бұл жолы жұрттың назарында болуға тырысасыз. Арасында кейбіреуі қалайша ауырып қалғандарын түсінбей қалулары да мүмкін. Асүйде және көшеде жүргенде абай болыңыз. Өкінішке орай, әйел адамдардың ауруы асқынып, денсаулығы қатты сыр бере бастайды.

Махаббат

Бір сәттік ләззатқа беріліп, өмірлік бақытыңыздан айырылып қалмаңыз. Мұндай қарым-қатынастың арты жақсылыққа алып бармайтыны сөзсіз. Жаныңызда жүрген дос-жарандарыңызға мұқият болыңыз. Бәлкім өзіңізді өмірінен артық сүйетін жанды көрмей жүрген боларсыз?!

Мансап

Күнделікті жұмысыңызға асқан жауапкершілікпен қараңыз. Бастығыңыз ұсынған күн тәртібімен жұмыс істеңіз. Әйтпесе, жұмыстан қуылуыңыз да ғажап емес. Бастығыңыздың шыдамы шегіне жетіп қалғандықтан, сізді қуып жіберуі мүмкін. Барлығы жақсы болған жағдайда, жалақыңыз өседі.

Табысты күндер: 1, 7, 21, 23, 27, 31
Жағымсыз күндер: 5, 11, 17

Мерген. Бар назарыңызды ауқымды жобаларға бағыттаңыз. Дәл қазір жинап қойған ақшаңыз жоқ болғандықтан, кезекті демалысқа дейін қамданып үлгеріңіз. Жақындарыңыз бен бастығыңыз сізге жоғары талаптар қоятын болады. Мәдени шараларға атсалысып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуыңызға тура келеді.

Денсаулық

Физикалық жағдайыңыз жақсы болғанымен, жүйке жүйеңізді қалпына келтіруіңізге тура келеді. Бірақ, бұл үшін міндетті түрде психолог маманға бару шарт емес. Алдымен, психологиялық кітаптар мен позитивті желісі бар романдар оқып шықсаңыз болады.

Махаббат

Жеңілтік адамдармен көңіл қоспауға тырысыңыз. Мұнымен қатар, айналаңызда жүрген адамдардың ішінде сізді өмірінен артық сүйетін жан болуы мүмкін. Сүрбойдақтар осы айда өмірлік жарларын жолықтырады. Сол себепті, көңілді отырыстар мен кештерді жіберіп алмауға тырысыңыз.

Мансап

Жұмыста айтарлықтай қиындық болмайды. Сол себепті, бар назарыңызды отбасыңызға бағыттаңыз. Көптен бері сүйіктіңізге көңіл аудармай кеткеніңізді өзіңіз де сезіп жүрген шығарсыз.

Табысты күндер: 3, 9, 18, 22, 25, 29
Жағымсыз күндер: 6, 12, 28

Тауешкі. Айналаңыздағыларға моральдық қысым жасағанды доғарыңыз. Әсіресе, өзіңізге толықтай сенім артып жүрген жандарға. Орынсыз менменшілдігіңізді де көрсете бермеңіз. Шілде айында түрлі хикаяға толы шытырман оқиғаларды бастан кешіресіз. Қандай жағдай болмасын денсаулығыңызға абай болыңыз.

Денсаулық

Тауешкілердің денсаулықтарына абай болғандары жөн. Дәрігердің нұсқаулықтарын тыңдамасаңыз, жағдайды әбден қиындатып алуыңыз мүмкін. Мүмкіндік туа салысымен қуық жолын емдетіп алуға тырысыңыз. Жатар алдында тынышталдыратын шай ішіп жүріңіз.

Махаббат

Жеке өміріңізде жолыңыз болайын деп тұр. Сүйіктіңізді кездестірген кезде, бақыттан басыңыз айналып, ерекше шабытқа ие боласыз. Қаржылай қиындықтарды да ұмытыңыз. Нәзік жандыларға сүйіктілері тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Сол себепті, көп адамның көре алмаушылығынан сақтаныңыз.

Мансап

Басқа салаға ауысудың әзірге қажеті жоқ. Қаржы мәселесінде қиындықтар туындайды. Сол себепті, майда-шүйде заттарды әзірге сатып алмағаныңыз жөн. Шілде айында қосымша табыс таппаған жағдайда қатты қиналуыңыз мүмкін. Ал мансап жолында ілгерілеу мәселесі туралы мүлдем ойланбасаңыз да болады.

Табысты күндер: 7, 10, 14, 20, 21, 23, 26
Жағымсыз күндер: 2, 8, 28

Суқұйғыш. Қаржылай жағдайыңызды түзету өзіңіздің қолыңызда. Сол себепті, уақытыңызды босқа жоғалтпаңыз. Шілде айында бар назарыңызды өзіңізге бағыттап, денсулығыңызды қалпына келтіріңіз. Өмірдің тек материалдық құндылықтардан құралмағанын ескеріңіз. Мұнымен қатар, қажетсіз адамдармен сөз таластырып, уақытыңызды босқа шығындамаңыз.

Денсаулық

Сүйектеріңіздің саулығына абай болыңыз. Ауыр заттар көтермеуге тырысыңыз. Жүйке жүйеңіздің денсаулығын сақтап қалғыңыз келсе, майда-шүйде дүниелерге мән бермегеніңіз жөн. Шілде айында аллергияңыз қатты қозып кетуі мүмкін.

Махаббат

Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды реттейтін уақыт келген сияқты. Сол себепті, түйсігіңізге толықтай сенім артып, өмірлік жарыңызды таңдауға асығыңыз. Өкінішке орай, отбасылы жандар айырылысу туралы шешім қабылдаулары мүмкін. Ең бастысы, барлығын жүрегіңізге жақын қабылдаудың қажеті жоқ.

Мансап

Әйел адамдар мансап жолында ілгерілейді. Бастығыңыз еңбегіңізді бағалап қана қоймай, жауапкершілігі мол іс тапсырады. Қаржы мәселесінде қиындықтар туындаса да, әріптестеріңіз қолдау көрсетуге асығады. Тынымсыз еңбектену арқылы өзіңізге қажетті қаржыны жинай алатыныңызды ұмытпаңыз.

Табысты күндер: 4, 9, 13, 25, 29, 31
Жағымсыз күндер: 11, 17, 28

Балықтар. Өміріңіздің кез келген арнасында тұрақсыздық орын алады. Көптеген оқиғалар еркіңізден тыс жүзеге асып, жүйкеңізді тоздыратын болады. Көңіл-күйіңіз Алматының ауа райындай сан құбылады. Ішкі қалауларыңыз бен мақсаттарыңызға көбірек назар аударыңыз.

Денсаулық

Арқаңыздың ауырғанын қойдырғыңыз келсе, бассейнге жазылыңыз. Көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыныңыз. Ең бастысы, асқазанға ауырлық түсіретін тағамдардан бас тартыңыз.

Махаббат

Сүйіктіңізді қатты қызғанып, оған орынсыз ескертулер айтуыңыз мүмкін. Ұрысуға себеп іздей бермеңіз. Әйтпесе, сүйіктіңіз сізден мәңгілікке кетіп қалуы ғажап емес. Ал сүрбойдақтарға сүйіктілері отбасын құру туралы ұсыныс жасайды.

Мансап

Жұмыста табысты болғыңыз келсе, әріптестеріңізбен санасуды үйреніңіз. Қаржы мәселесін шетте қалдырудың қажеті жоқ. Сол себепті, айдың басынан бастап ақшаңызды үнемдеуге кірісіңіз.

Табысты күндер: 3, 7, 10, 16, 27, 31
Жағымсыз күндер: 12, 18, 28


Жіберіп алмаңыз:

Британиялық ғалым: Адамдар жақын арада Жер планетасынан көшуі керек

Теміртауда 2 жасар баланы ұрлап кеткен күтушіге қатысты сот үкімі шықты

Оралда көшеде шығып тұрған арматура темір 14 жастағы қыздың аяғын тесіп шықты

Қырғызстанда қатерлі ісікке шалдыққан баланы түйенің зәрімен емдеген

Талқылау