Саясаттанушы 2017 жылды «Қазақ тілінің жылы» деп жариялауды ұсынды
Cаясаттанушы Расул Жұмалы Facebook әлеуметтік желісі арқылы 2017 жылды «Қазақ тілінің жылы» деп жариялау туралы ұсыныс айтты.
«Менің ойымша, 2017 тек қоршаған әлем емес, Қазақ үшін бетбұрысты жыл болмақ. Соған ақылымыз, жігеріміз, намысымыз, азаматтығымыз әзір тұрсын. Өз басым ФБ-дағы орысшамды өткен 2016-да қалдырдым. 2017-ні Қазақ тілінің Жылы деп жариялайық»,-деп жазды саясаттанушы.
Қазір әлеуметтік желіде халық бұл ұсынысты қолдап, мемлекеттік қызметте жүрген шенеуніктердің барлығы «Мемлекеттік қызметкер туралы» заңға сәйкес, таза қазақша сөйлесін деген ұсыныстарын білдіріп жатыр.
Айта кетейік, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Мұрат Әбенов: Пəтер иесінің мұрты да қисаймайды, сорлайтын жалдаған азамат