Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдан бастап грантта оқығандар үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

Биылғы талапкерлер грант жеңіп алып, мемлекет қазынасы есебінен оқып және мемлекетке ешқандай қарыз болып қалмай оқу бітіре алады. Ал бұл жеңілдіктердің медициналық және педагогикалық мамандықтарды таңдаған студенттерге қатысы жоқ.

j85S6fzEqEw6Iw9820J11BVv1AmJwD

Сурет yvision.kz

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Биыл дәрігер немесе мұғалім боламын деп шешіп, грантқа түскен талапкерлер, университетті тәмамдағаннан кейін мамандық бойынша үш жыл жұмыс істеуі тиіс. Бұл “Білім туралы” заңға енгізілген өзгерістер шеңберінде қабылданып отыр. Тағы бір жылдан соң, 2017 жылдан бастап бұл ереже жоғарғы оқу орындарына бюджет есебінен оқуға түскен барша студент үшін міндетті нормаға айналады.

“Мемлекет 2017 жылы грантқа оқуға түсетіндерден болашақта еңбекке араласу деңгейіне байланысты дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ішінара мемлекеттік тапсырыстың бөлінуін де қайта қарайды. Гранттар әр аймақтағы еңбек нарығындағы талап бойынша бөлінбек. Осының арқасында университет түлектері жылдам жұмыс орнын таба алады”, – дейді ҚР білім және ғылым министрлігі мониторинг, білім несиесі және еңбекке орналасу қаржылық орталығының жетекшісі Мәди Шабаров.

Талқылау