2016 жылы туған нәрестелерге елімізде қойылған ең танымал есімдер
ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ресми сайтында 2016 жылдың 10 айындағы балаларға берілген есімдердің ең танымалдары жария етілген.
Фото: telegraph.co.uk
Қыздар арасында Қазақстан бойынша Айзере есімі танымалдылыққа ие болған. Бұл есімді елімізде биылғы жылы 4934 сәби иеленіпті. Екінші орында 4873 сәбиге берілген Айару, одан кейінгі үздік үштік қатарында 4765 сәбидің туу туралы куәлігіне жазылған Раяна бар. Олардан кейін Айша, Кәусар, Айлин, София, Аружан есімдері тұр екен.
Ал ұлдар арасында үздік үштікке Әлихан (3560 сәби), Нұрислам (2731), Айсұлтан (2730) есімдері енген. Ал Рамазан айында Рамазан деген есім көп қойылған. 2016 жылдың маусым айында бұл есім еліміз бойынша 1718 балаға қойылған. Танымал есімдер қатарында Санжар, Ерасыл, Мирас, Әмір және Әли де бар.
Комитет сонымен қатар, еліміздегі ерекше есімдерді де атап өтіпті. Статистика бойынша, Қазақстанда Ромео, Царь, Эдельвейс, Теңіз, Саша Александр Людовик, Қошкелді, Кришна, Василиса-Мейрим, Венеция, Қасиет-Раббым, Клеопатра Алина, Нина Жания Кулянда, Октавия, Переште, Сюзаннавиктория, Абдусаиднұрисламхан, Еділжайық, Кайраткер, Керімзат, Өміржалғас, Саммидастана, Тараз, Хазретсұлтан, Адал би секілді азаматтар мен азаматшалар да тұрып жатыр. Статистика комитетінің тағы бір дерегіне сүйенсек, Гагарин, Мәжіліс, Мәслихат, Пионер, Нұрлыжол, Нұротан, Сенат, Партия деген атауларды да иеленген адамдар бар екен.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында үшемді дүниеге әкелген отбасы баспаналы болды
Балқашта кішкентай қызын сатпақ болған безбүйрек ана жындыханаға жабылды
Алматылық бойжеткен өзін әлдекімнің өлтіріп кететінін айтып қорқытып жүргенін жеткізді
Лаңкестік кезінде «дәретханаға тығылып қалған» қос майор сот алдында жауап беруде