Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лаңкестік кезінде «дәретханаға тығылып қалған» қос майор сот алдында жауап беруде

5 маусым күні лаңкестер шабуыл жасаған кезде №6655 әскери бөлімінің екі қызметкері қолына қару алып атыспады, тығылып қалды. Бүгін Ақтөбе гарнизонының әскери сотында майор Қайырғали Оразжанов пен Қайнарбек Тастанбековке қатысты сот отырысы басталды.

a3478fc39e6b937f13805aade64aa9d3_crop_l_5_t_49_w_709_h_399

Оларға «қарулы шабуыл кезінде әскери жарғыны бұзды» деген айыппен сотталып жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбеде 5 маусымдағы лаңкестік оқиғаның зардабымен күрес жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бүгін Ақтөбе гарнизонының әскери сотында әскери бөлім майорлары Қайырғали Оразжанов пен Қайнарбек Тастанбековке қатысты сот отырысы басталды. Оларға Қылмыстық кодекстің «Iшкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу» бабы бойынша айып тағылып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Тұраш Бәкіровтың айтуынша, №6655 әскери бөлімінің екі қызметкері лаңкестер шабуыл жасаған кезде қашып, әжетханаға тығылған. Бас сауғалаған екеу кейін әжетхана ішіндегі терезе арқылы шығып, белгісіз жаққа бет алған. Сотталушы Қайнарбек Тастанбеков бұл уәжбен келіспейді.

«Оқиға болған күні мен кезекші бөлімнің жанында болдым. Сигнал берілген соң 3 секундтың ішінде кезекші бөлім ішіне кіріп, жан-жаққа хабар жібердім. Сол кезде қарауылды көтеріп, 102-ге телефон шалдым. Арнайы жасақты шақырып, Ұлттық ұланның “Батыс” аймақтық қолбасшылығына хабар берілді. Бір қарағанда, қарауылға хабар берген соң олар лаңкестер шабуыл жасап, қолды қылмақ болған қару-жарақ қоймасында күзет күшейтілді. Лаңкестер қаруға қол жеткізе алмады. Ал мені айыптап отыр. Бәрі түсініксіз, айыптауларға келіспеймін»,- деді айыпталушы Қайнарбек Тастанбеков.

Іс материалдарына сүйенсек, Тастанбеков лаңкестер шабуыл жасаған күні бөлімде кезекші, ал Оразжанов оның көмекшісі болған. Штабқа хабар беру – олардың тікелей міндеті. Бірақ, олар бұл қызметін ұмытып, қаша жөнелген. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қара бастың қамын ойлаған әскери қызметкерлердің ісінен қатардағы жауынгер Сапар Досбол, майор Даниэль Майлыбаев оққа ұшқан.

Іс 14 томнан тұрады. Бүгін алғашқы куәгерлерден жауап алынды. Екі майорды екі адвокат қорғап жатыр. Олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Егер тағылған айып дәлелденсе, қос майор 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

ҰҚК Алматы мен Қазақстанның үш облысында арнайы операция бастады

Аттракцион арқаны ұзын болғандықтан 40 метрден секірген ер адам жерге құлады (видео)

Өнерімен ақша тапты: Жас жігіт Париж көшелерінде қазақ тілінде ән айтып тұр (видео)

Біздің арамызда кім ішімдік ішпейді: Бердоңғаров Тінікеевке  жақтасты

Қызылордадан шыққан қыз Испанияда жеке компаниясын ашты

Талқылау