Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылы Алматы өзінің мыңжылдығын атап өтеді

Қалалық ішкі саясат  басқармасынан хабарлағандай, бұл тарихи оқиға ЮНЕСКО-ның мерейтойлық атаулы күндер тізіміне енді.

c2d93414a3a9b225c69c3ecbc2f1bceb_big

Алматы – еліміз тағдырындағы ерекше қала. 1929 жылдан бастап, 70 жылға жуық уақыт ол Қазақ КСР-нің, ал 1991 жылғы желтоқсаннан – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды. Мұнда еліміз өміріндегі маңызды шешімдер қабылданды. Сондықтан да жақындап келе жатқан мерейтойлық атаулы күн алматылықтар үшін ғана емес, бүкіл қазақстандықтарға да маңызды. Сонымен қатар, бұл шара Орталық Азиядағы бірқатар мемлекеттер тарихымен де байланысты.

1998 жылы астаналық мәртебесінен айырылғанымен, Алматы ҚР-ның барлық қоғамдық-саяси оқиғаларына белсене қатысуда. Қазірдің өзінде қалада 2016 жылдың басты оқиғасы – тәуелсіздіктің 25 жылдығына әзірлік жұмыстары басталып кетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлденеше рет атап өткендей, Алматы Қазақстан тарихында оның тәуелсіздігінің алтын бесігі болып қала береді.

Сондай-ақ оңтүстік астанада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің және «Алашорда» қозғалысының жүз жылдығы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 30 жылдығы, Семей полигоны жабылуының 25 жылдығы және Қазақстанның көптеген белгілі тұлғаларының ірі мерейтойлары кең көлемде аталып өтпек.

Талқылау