Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

200 мың теңге ауызбастырық алған түрме басшысы 15 жылға сотталмақ

Жемқор деген күдікпен ұсталған Маңғыстау колониясы басшылығының қанша көлемде пара алғаны белгілі болды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Мекеме басшысы Ержан Тілеулиев пен оның екі орынбасары Қуатбеков және Қалдыбаев, бөлім басшысы Айнақұловтар жазасын өтеушілердің туыстарынан ауызбастырықты тұрмыстық техникамен алыпты.

Сондағы көрген пайдалары – бір теледидар мен компьютер. Осы ауызбастырыққа төртеуі бірдей жабылып, жазасын өтеушіні «қанатының астына алуға уәде еткен». Енді осы әрекеттері үшін олар 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Әзірге кінәсі дәлелденіп, тергеу амалдары аяқталғанша қамауда болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында алғашқы қар жауды

Қостанай облысы: Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен депутат ұсталды

Қызылордада марихуана егілген ірі алқап анықталды

23 қыркүйекте елдің басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады

Талқылау