Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 мың қыз Калифорнияда лесбилер фестивалін жасамақ

Бұл фестиваль осымен 26-шы рет өткізілгелі отыр. Әр көктем сайын 20 мыңға жуық лесби Калифорнияда бас қосып, 5-6 күн қатарынан думандатады.

detail_e8859cf31bfaa35fe5c6ab172cea39a9

Сурет @lrdth_kc

Бұл ауқымды шара Палм-Спрингс қаласында өтеді. Көңілді шара бассейн жанындағы концерттерден бастау алып, Hilton қонақүйінде жалғасады. Бұл жерден ерлер қауымын кездестіру өте қиын. Тек қыздардың шақырған бірді-екілі достары мен қонақүй қызметкерлері ғана бар.

1144

1972 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестиваль Dinah Shore деген атау алған. Оның негізін салушы Дина Шор гомосексуал болмаса да, бұл шара кейін өз бағытын біржынысты жұптардың мерекесіне айналдырып өзгерткен.

Фестивалде танымал диджейлер, комедиялық кейіпкерлер және де интернет жұлдыздары өнер көрсетеді. Әрине, қыздар қыздармен танысу үшін келеді. Бұл жерден жасты да, үлкенді де, еркек сияқты қыздарды да, қараны да, сарыны да кездестіруге болады. Олар өздеріне жұп тауып жатады. Әлбетте, олар үшін екеуара қарым-қатынастың ұзаққа созылуы да аса маңызды емес.

Бірде Палм-Спригстегі фестиваль кезінде жер сілкінісі орын алған. Бассейндегі судың жартысы жағаға шығып кеткен. Алайда қыздар ол уақытта мас болғандықтан аса бір қорқып кетпеген. Әйелдер көпшілік ішінен таңдаудың көптігі соншалықты бұл шара барысында шалқып, масаттанып көңіл көтереді. Әрине, лесбилердің өзара қатынасы жүктілікке әкеліп соқпайды, бірақ көбісі жыныстық жолмен ауыру жұғуы мүмкін екенін ұмытып кетіп жатады.

5666

Лесби-фестиваль шын мәнінде қаржылық тұрғыдан өте тамаша мүмкіндік. Фестивальге демеуші ретінде түрлі алкогольдік брендтер де асыға жетеді(Bacardi, Smirnoff, Barefoot Wines). Сондай-ақ, бұл арадан Леди Гага, Кэти Перри сынды жұлдыздарды да кездестіруге болады. Ал биылғы жылы фестивалге осы шара туралы деректі фильм түсіру үшін түсірілім тобы да келген.

5656

Палм-Спрингс (халқының жартысына жуығы ЛГБТ өкілдері) үшін Dinah өте табысты экономикалық драйверге айналып отыр.

“Біз ЛГБТ өкілдерінің біздің қаламызды өте керемет, стилді әрі сүйкімді қалаға айналдыруға үлес қосып жатқаны үшін қуаныштымыз”, – дейді қала мэрі, өзі де осы қауымдастықтың өкіліне жататын Роб Мун.

Dinah-ты заманауи бағытта жаңғыртқан Мариа Хэнсон бұл фестиваль әлі ұзақ уақытқа дейін өзінің өзектілігін жоймайды дейді.

Талқылау