Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 мың қазақстандық әлемнің үздік университеттерінде тегін білім алады

Шетелде білім алуды армандаған қазақстандық жастар асығыңыздар! Қазақстан әлемнің жетекші университеттерімен келісімшарт жасағанымен, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының орталығында 20 000 грант бос тұр.

20 мың қазақстандық әлемнің үздік университеттерінде тегін білім алады

Бұл туралы “Астана арнасына” сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Арман қуып, шетелде білім алуды жоспарлап жүргендердің бірі Светлана Кузнецова. Бір емес 20 000 гранттың бос тұрғанын естіген бойжеткен шұғыл түрде құжаттарын жинауда. Ол көптен бері шетелде білім алуды армандаған. Міне, енді оған да осындай мүмкіндік туып тұр. Халықаралық бағдарламалар орталығында әлемнің 200 университетімен келісім жасалған. Әлемнің ең үздік университеттері қазақстандықтарға 20 мың грант бөліп, тегін білім алуға мүмкіндік берді.

«Германияда білім алғым келеді. Себебі бұл Еуропаның орталығы. Жалпы алғанда, олардың білім беру жүйесі қатты ұнайды. Қазір соның сәті туып тұр. Енді құжаттарды асығыс жинап жатырмын», – дейді Светлана Кузнецова.

Халықаралық бағдарлама орталығы шетелде оқуға арналған гранттарды президенттің «Болашақ» стипендиясымен шатастырмауды сұрайды. Халықаралық бағдарлама орталығы шетелдің жетекші универсиеттерімен бір жыл бұрын келісімшарт жасаған, бірақ 20 000 грант сол күйі талап етілмей, бос қалып қалды. Бірақ бұнымен бәрі бітпейді. Сонымен қатар, орталық 500-ге жуық үкіметаралық грант бередң екен.

«Мектеп немесе университет бітірген кез-келген адам шетелде оқуға өтініш бере алады. Бакалавр немесе мастерге байланысты РНД докторантураны да оқуға болады. Гранттар саны оған мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, қазіргі кезде дамыған елдердің барлық инфрақұрылымы, жоғары білім инфрақұрылымы әлі жүктелмеген. Мысалы, бірнеше жыл бұрын Италияда 2 миллион студент оқыған болса, қазір 1 700 000 адам оқиды. Барлық дамыған елдердеде осы жағдай», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешев.

Орталықтағылар жоғары оқу орындарының тізімі әртүрлі дейді. Мысалы, қазақстандықтар Еуропа, Германия, Польша, Австрия немесе Италия сияқты елдерге бара алады. Сондай-ақ, Австралия университетінің грантын алуға да болады немесе Шанхайдағы оқу орындарының бірінде студент бола алады. Көршілес Ресейде де тегін оқуға мүмкіндік берілді. Ал, осы бағдармаға бойынша білім алатын қазақстандықтар бюджеттен ақша жұмсалмайды, бәрін шақырушы тарап өздері өтемекші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау