Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 мың доллардан аса: қазақстандық бітімгерлер Ливанда қанша ақша табады

Қарулы қақтығыс өршіп тұрған Таяу Шығысқа қазақ сарбаздары күзде аттанатын болды. Кеше тиісті құжатты қос палата депутаттары бекітіп берді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

2 мың доллардан аса: қазақстандық бітімгерлер Ливанда қанша ақша табады

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оған сай Қазбаттың 120 жауынгері ұзақ жылдар бойы азамат соғысы болып жатқан Ливанға жіберіледі. Бірақ бітімгерлік батальонының сарбаздары қақтығысқа тікелей қатыспайды. Керісінше, жарты жыл бойы сонда жүріп, бейбіт келісімнің орындалуын бақыламақ. Соғыстың өршу қаупі туындағанда мән-жайды Біріккен ұлттар ұйымына баяндап отырмақ. Бұдан-бөлек елімізденн 40 офицерді үндістандық әскерилермен біріктіріп, бақылаушы ретінде Кипр, Пәкістан, батыс Сахараға жіберу жоспарда бар. Бірақ бұл миссияның мерзімдері әзірге белгісіз. Ал Ливанға тыныштық орнатуға баратын сарбаздарға жоғары жалақы төленбек.

«Бітімгерлік операциясының әр қатысушысына жалақы үш есе көлемде төленеді. Яғни егер келісім шарт бойынша жүрген сарбаз елімізде 100 мың теңге алса, ол жақта 300 мың теңге алатын болады. Сонымен қатар БҰҰ төлемдері бар. Ол айына шамамен 1410 долларды құрайды. Бұдан бөлек, күнделікті шамамен 2 доллар төленеді», – дейді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау