Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

180 келі болған: Қомағайлығы үшін өліп қалудан қорыққан әйел үш есе арықтаған (фото)

Англиядағы Честер-ле-стрит қаласының тұрғыны города Дон Доусон қомайғайлығы себепті өліп қалудан қорыққандықтан, 180 келіден 114 келіге арықтаған.

180 келі болған: Қомағайлығы үшін өліп қалудан қорыққан әйел үш есе арықтаған (фото)

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Екі баланың анасы бұрын күніне шамамен 8 мың калорияны тұтынғанын және салмағы 182 келіге жеткенін мойындады. Ол күнделікті екі бокал ішімдік пен екі литр газдалған сусын ішіп, шошқаның етінен жасалған 4 бутерброд жеген екен.

Артық салмақтың кесірінен 38 жастағы әйел сусамыр дертіне шалдыққан. Сондай-ақ үнемі ауруды басатын дәрі қабылдауға мәжбүр болыпты.

180 келі болған: Қомағайлығы үшін өліп қалудан қорыққан әйел үш есе арықтаған (фото)

Оның 61 жастағы әкесі қайтыс болғаннан кейін, Доусон өмірін өзгертуді ұйғарған. Оның ойынша әкесінің қатерлі ісіктен қайтыс болған әкесі семіздіктің салдарынан аталған дертке душар болған. Мұнан кейін әйел қомағайлығы үшін өліп кетуі мүмкін екенін ойлап, шошып қалыпты.

Артынша әйел қатарынан бірнеше жыл қатаң емдәм ұстанып, тәулігіне тек 1800 калория тұтына бастаған.

180 келі болған: Қомағайлығы үшін өліп қалудан қорыққан әйел үш есе арықтаған (фото)

Қазіргі уақытта Доусонның салмағы – 67 келі. Ол отаның көмегімен денесіндегі артық теріден арылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау