Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы алматылық қыз Көкшетауда 3 ай бойы сексуалды құлдықта болған

27 шілде – халықаралық адам саудасымен күрес күні қарсаңында БҰҰ бас ассамблеясының бастамашы болуымен, ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы Көкшетау еріктілерімен бірлесе отырып, облыс орталығында үлкен профилактикалық шара өткізді. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

855988

Акция ұйымдастырушылары адам саудасы, еңбек және сексуалды құлдыққа қалай қарсы тұру керектігін үйрететін парақшалар мен ескертпелер таратқан. Шара Көкшетаудың орталық алаңы мен теміржол бекеті аумағында атқарылды.

Сонымен қатар, қаланың үлкен алаңдарындағы экраннан бірнеше күн бойы осы тақырыпқа байланысты роликтер көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының ақпараты бойынша, 6 ай ішінде облыс аумағында адам саудасына қатысты 17 дерек тіркелген. Оның ішінде “адам саудасы”, “кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке мәжбүрлеу”, “кәмелетке толмағандарды саудалау” сынды айыптауға ұшырағандар бар.

5 шілде күні полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында 22 және 27 жастағы екі ер адамды қолға түсірді. Олар 2017 жылдың мамыр айынан бастап 17 жастағы алматылық қызды күштеп ұстап, интимді қызмет көрсетуге мәжбүр еткен.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз:

Педофилді соққыға жыққан сержант бостандыққа шықты

Мысырда ұсталған 6 қазақстандықтың тағдыры әлі күнге белгісіз

Қазақстандық келіншек өз еркімен күйеуіне тоқал іздеп жүр

Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен дін қызметкері сотталды

Талқылау