Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

150 мың теңге парадан бас тартқан полицияға сыйақы беріледі

14 наурыз күні Ақсай қаласындағы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында жол-патрульдік полиция взводының қызметкері, полиция сержанты А.Өтешевке 150 мың теңге көлемінде пара бермекші болған 1988 жылғы С. деген азамат ұсталды.

9431480

Сурет: newskaz.ru 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын осылайша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 1-бөліміне (автокөлікті мас күйінде айдау) сәйкес қозғалған әкімшілік іс материалын сотқа жолдамауды шешпекші болған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлімі (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте табандылық танытқаны үшін А.Өтешев сыйақымен ынталандырылатын болады.

Талқылау