13 жасар оқушы бәйгеге қатысып, 10 миллион теңге ұтып алды

Дүйсенбі, 12 Қыркүйек , 2016 9:29

13-жасар Алматы облысының тұрғыны «Алтын тұлпар» сайысында 10 миллион теңге жеңіп алды.

Асхат Әлімжанов

 

Аламан бәйгеден республикалық турнир Астанадан 30 шақырым қашықтықтағы Қабанбай батыр ауылында өткен. Бұл сайыста шабандоздың шеберлігі мен тұлпардың шыдамдылығы үлкен рөл атқарды. Себебі бағындыруға тиісті меже – 51 шақырымды құрады.

Жеңімпаз атанған 13-жасар Асхат Әлімжанов Алматыға жақын маңдағы Дегерес ауылының тұрғыны. Өзінің Жаннұр есімді тұлпарын оқушы сайысқа былтырдан бері дайындаған.

«Өткен жылы осы сайыста үшінші орын алған едім. Бұл жолы жеңісті көздеп келдім. Десе де, бұл жеңіс мен үшін күтпеген нәрсе болды. Мұндай деңгейдегі ат жарыстарда бұрын-соңды бәйге алып көрмеппін. Өте қуаныштымын», – деді жеңімпаз.

Жүлделі екінші орын және үш миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық қарағандылық Қинас Қожахметовке бұйырса, екі миллион теңге мен үшінші орынға жамбылдық Нұржан Егенбаев қол жеткізген. Ең үздік тоғыз ойыншыға жүлделер табысталған.

Биыл бұл бәйгеге Қазақстанның әр өңірінен 67 тәжірибелі шабандоз қатысқан. Қатысушылардың ең жасы – небәрі 12 жаста. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге қашықтығы келесі жылы тағы да тоғыз шақырымға ұзартылады.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Ақтөбеде мүгедек балаларды атқа мінгізіп емдеуде

Златан Ибрагимович Головкинді қолдау үшін 335 шақырым жол жүріп келген (ФОТО)

БАҚ Головкиннің келесі қарсыластарының тізімін жасады

Головкинмен болған жекпе-жектен кейін Брукке ота жасалмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар