12 жастағы қыздың суға батып кетуіне жол бермей, өлімнен арашалап қалған ер адамның есімі белгілі болды
Елордада кішкентай қыздың суға батып кетуіне жол бермей, өлімнен арашалап қалған ер адамның есімі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

"Есіл өзенінде батып бара жатқан қызды құтқарамын деп Әуе қорғаныс күштеріндегі 47 762 әскери бөлімінің кіші сержанты Ерлан Раимқұлов қайтыс болды. Оның артынан әйелі мен екі ұлы қалды. Ол нағыз әскер, қорғаушы, ер адам ретінде іс істеді. Иманды болсын. Қазақ жері осындай батырлардың есімін жадында сақтасын ", — деп жазды Ержан Бағдатов Facebook желісіндегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 10 мамырда, жұма күні, сағат 12.10-да, «Газмаштаппара» бағбандық қоғамының аумағында орын алды. Раимқұлов 12 жастағы қыздың суға батып бара жатқанын көріп, оны құтқаруға бірден бел буды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”