Елорда тұрғыны иттің артынан суға секіріп кеткен қызды құтқарамын деп суға батып кетті
Елорда тұрғыны 12 жасар қызды құтқарамын деп қаза болды. Қайғылы оқиға 10 мамырда, жұма күні, сағат 12.10-да, «Газмаштаппара» бағбандық қоғамының аумағында болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

2007 жылы туған қыз иттің суға батып бара жатқанын көріп, жануардың артынан суға секіріп кеткен. Бірақ, итті құтқармақшы болған оқушы суға бата бастағанда оны 38 жастағы балықшы көріп қалды. Ол бірден суға секіріп, қызды жағаға шығарып үлгерді. Алайда, бала құтқарылғанымен, құтқарушының өзі ағынға шамасы келмей, суға батып кетті.
Оның денесі жағаға шыққанда мәйітті куәгерлер шығарып алды.
Осы жағдайға байланысты, құтқарушылар рұхсат етілген абаттандырылған жағажайларда ғана шомылуға болатынын еске салуда.
Сондай-ақ, батпақты және өсімдіктер өсіп тұрған су қоймаларында, ағыны күшті жарлауытты жағалауларда да шомылуға болмайтынын ұмытпаған жөн.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан