Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жасар бала кириллицаны латынға ауыстыратын бағдарлама ойлап шығарды

Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті Абзал Мырзаш өзі ұсынған латын әліпбиіне аударатын бағдарлама ойлап тапты.  Ол бағдарламаны өз бетімен 3 сағатта жасады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

3 сағатта шығарылған бағдарламаға компьютер және электр энергиясы ғана пайдаланылды.

Бағдарлама кирллица қаріпінде жазылған қазақша сөзді латыншаға аударуға мүмкіндік жасайды.

«Бұл бағдарлама сайтқа арналмаған. Ол C Sharp-та жасалған. Әзірге дизаайны жоқ, бірақ қызметі бар. Оны болашақта ғаламторға енгіземін», – дейді Абзал.

Оны пайдалану үшін басқа тілдегі кодты көшіріп алу керек, яғни JavaScript сияқты. Дизайнын HTML және CSS арқылы істеуге болады.

Бұл бағдараманың 2 нұсқасы бар. Біріншісі, дәл сол уақытта мәтін жазып аударып алу. Екіншісі, бірден үлкен көлемдегі мәтін жазып бөлек файлға сақтап алу. Мысалы «Көшпенділер», «Абай жолы» сияқты шығармаларды.

Абзалдың айтуынша, екіншісі біраз уақытты алуы мүмкін.

«Ертегіні аударып көрдім, ол 5 мегабайтты құрады. Оны аударуға 20 минут уақыт кетті. Бұл мәтінді өзің жазып отырғаннан жеңіл», – дейді Абзал.

Тағы оқыңыз:

Өскеменде көршісінің итін сойып жеген азаматқа үкім шықты

Апатқа ұшыраған Мәскеу-Орск ұшағында тағы бір Қазақстан азаматы көз жұмған

Елімізде әріптестер арасындағы махаббат хикаясының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталады

Алматылық ұсқынсыздар: Жасөспірімдер желіден топ ашып, бір-бірін қорлап келген

 

Талқылау