Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 желтоқсан Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады

Қазақстан басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметінен.

ауарайы

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады.

Талқылау