Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

105 жасқа дейін өмір сүрген дәрігерден 14 кеңес

Өткен жылы атақты жапон дәрігері Сигэаки Хинохара 105 жасқа келіп қайтыс болды. Ол дәрігер, ғалым, қоғам қайраткері ретінде де Жапонияның денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосты. Бүгінде оның ұзақ өмір сүрудің жолдары және сергектікті қалай сақтауға болатыны жайлы 97 жасында айтқан кеңесі неше түрлі тілдерге аударылуда. Соған орай Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге 105 жыл өмір сүрген танымал дәрігердің 14 кеңесін ұсынады.

105 жасқа дейін өмір сүрген дәрігерден 14 кеңес

105 жас жасаған Сигэаки Хинохара өмірінің соңына дейін өз науқастарына тікелей өзі барып, жағдайын біліп тұрған. Дәрігер әдетте, тәулігіне 18 сағат, кейде аптасына жеті күн жұмыс істеген. Ол өз өмірінде 150-ден астам кітап шығарды, оның ішінде 1 миллионнан астам данамен сатылған  «Living Long, Living Good», яғни «Ұзақ, әрі жақсы өмір сүру» кітабы.

1. Энергия тамақтан немесе ұйқыдан емес, көңіл-күйден келеді. Бала кезімізде қарнымыздың ашқанын және ұйқы туралы ұмытып, көңіл көтеріп, ойнайтынымыз естеріңізде ме? Мен есейгенде де өмірге осындай көзқарас сақтау керек деп есептеймін. Мысалы, түскі асты кестеге сай ішу немесе жоспарланған уақыт бойынша ұйықтау сияқты, қалауыңыз бойынша жасалмайтын қатаң ережелермен өзіңді шектеп, шаршатпау керек.

2. Ұзақ өмір сүретін адамдарды жынысына немесе нәсіліне қарамастан, тек бір нәрсе біріктіреді. Яғни, олардың ешқайсысы артық салмақтан зардап шекпейді. Мысалы, мен таңғы асқа кофе мен бір стақан сүт және 1 ас қасық зәйтүн майы қосылған апельсин шырынын ішемін. Ал түскі асқа сүтпен аздап печенье жеймін, тіпті егер жұмысым тым көп болып жатса түстенбеймін. Мен жұмысқа бар ынтамен кірісетіндіктен, аштықты сезінбеймін. Кешкі асқа көкөніс және балық пен күріш жеймін. Сондай-ақ, аптасына екі рет, шамамен 100 грамм майсыз ет жеймін.

3. Жоспарлаңыз. Менің күнделігімде алдағы бес жылға арналған жоспар жазылған. Оның ішінде ауруханадағы жұмысым, дәрістерімнің бәрі қамтылған.

4. «Лайықты зейнеткерлік демалысқа» міндетті түрде кетудің қажеті жоқ, бірақ егер зейнетке шығу керек болса, онда 65 жастан кейінірек шығуға тырысыңыз. Жапонияда 65 жас шамасында зейнеткерлік жасқа шығу осыдан жарты ғасыр бұрын анықталған. Ол кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы шамамен 68 жыл болған және санаулы адамдар ғана 100 жасқа дейін өмір сүрген. 2009 жылы Жапонияда орташа алғанда әйелдер 86 жасқа дейін, ерлер 80-ге  дейін өмір сүрді. Ал жүз жастан асқан адамдар саны 36 мыңнан асты, және оның саны жылдам өсіп келеді. 2030 жылға қарай Жапонияда 100 жасқа дейін жасаған адамдар саны 50 мыңнан аса болуы мүмкін.

5. Біліміңізбен бөлісіңіз. Мен жылына оқушыларға да, кәсіпкерлер де жалпы 150 дәріс беремін. Дәріс беру кезінде мықты болып қалу үшін тұрып сөз сөйлеймін.

6. Медицина әрқашан мықты емес. Егер дәрігер сізге хирургиялық ота жасауды ұсынса, одан дәл осы рәсімді өз балаларыңызға немесе әйеліңізге ұсынар ме едіңіз, деп сұрап біліңіз. Дәрігерлер барлық жағдайда мықты емес және кез келген жағдайда бәрін емдей алмайды, кейде тіпті ауыр ота жасаудың да ешқандай мәні жоқ. Сонымен қатар, мен көптеген дәрігерлер сияқты пікірде емеспін, мен жануарлардың көмегімен емдеу немесе музыкалық терапия көп көмектеседі деп ойлаймын.

7. Әрдайым баспалдақпен көтеріліп, жүгіңізді өзіңіз көтеріп жүріңіз. Мен бұлшық еттеріме жүктеме салу үшін күніне кем дегенде екі рет баспалдақпен көтерілемін.

8. Үлкеннен құрастырыңыз. Мені Роберт Браунингтің «Аббат Фоглер» поэмасы шабыттандырады. Оны маған әкем оқып берген. Бұл туынды бізді үлкен шығармалар жасауға, ұсақ-түйекпен бас қатырмай, үлкен нәрселер жасауға жігерлендіреді. Ол бізге өз өмірімізде аяқтап үлгермейтін шеңбер сызуға тырысып көру керектігін айтады. Ал біз көрген нің бәрі қисықтың бір бөлігі, ал қалған бөлігі біздің көзімізден жасырынып тұр. Бірақ ол бар – тек көкжиектен тыс.

9. Ауырсыну – бұл мистикалық нәрсе. Егер ауруға назар аудармай, басқа нәрседен ләззат алуды бастасаңыз, оны ұмытып кетуге болады. Баланың тісі ауырғанда, сіз онымен ойын ойнай бастасаңыз, ол көңілін соған аударып және ол туралы ұмытып кетеді. Ал ауруханаларда осы жеткіліксіз, сондықтан адамдарға көңілдерін басқаға аударып және көңіл көтеру керек. Мысалы, менің ауруханамда көркем сабақтар және музыкалық терапия бар.

10. Материалдық заттарды жинауға тырыспаңыз. Есіңізде болсын, сіз өлетін уақытыңыздың қашан келетінін білмейсіз және сол жинағандарыңыздың ешқайсысын өзіңізбен алып кете алмайсыз.

11. Науқасты тек ғылыми біліммен ғана емдемейді немесе онымен бәріне көмектесе алмайсыз. Ғылым бізді біріктіреді, бірақ ауру жеке. Әрбір адам бірегей және ол аурумен әртүрлі әрекеттеседі. Ауруды анықтау және адамдарға көмектесу үшін біз медицина өнерін ғана емес, сондай-ақ басқа да салалардың өнерін танып-білуіміз керек.

12. Өмір кездейсоқтыққа толы. 59 жасымда, яғни 1970 жылы 31 наурызда мен Токиодан Фукуокаға бағыт алған ұшаққа көтерілдім. Ол керемет шуақты таң болған еді және қандай да бір бақытсыздықтың иісі де сезілмеген болатын, бірақ сол ұшақты лаңкестер басып алды. Осылайша, мен келесі төрт күн бойы 40 градус ыстықта, аяқ-қолым орындыққа таңулы отырдым. Дәрігер ретінде, мен осыдан денеге тәжірибе жүргізілгенін көрдім және оның қиын жағдайында не істей алатынына таңғалдым.

13. Рөлге кіретін үлгі  табыңыз және үлкен мақсаттар қойыңыз. Менің әкем 1900 жылы АҚШ-қа Солтүстік Каролинадағы Дьюк университетінде оқу үшін келген. Ол осындай қадамға барған алғашқылардың бірі және менің қаһарманым болды. Кейінірек, мен есейген кезде басқа да шабытандыратын оқиғаларды таптым. Содан мен басыма қиындық туған сәттерде кейіпкерлерім осындай жағдайда қалай әрекет етер еді деп ойлаймын.

14. Ұзақ өмір сүру – сиқырлы! 60 жасқа дейін отбасыңның мүддесі үшін жұмыс істеп, жеке мақсаттарға қол жеткізу оңай. Бірақ, кейінірек біз қоғам мүддесі үшін жұмыс істеуге тырысуымыз керек. 65 жастан бастап мен еріктілер ретінде жұмыс істей бастадым.

Міне, осындай кеңестер берген дәрігер өмірінің соңына дейін аптаның жеті күні бойы 18 сағат тынбай жұмыс істеп және өмірінің әр минутынан ләззат алған.

 

Талқылау