Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 мың теңгеге: Тәңірберген Бердоңғар мұқтаж қарияларға азық-түлік сыйлап қуантты (видео)

Экс-депутат әрі қоғам белсендісі Тәңірберген Бердоңғар мұқтаж қарияларға азық-түлік сыйлап қуантты. Ол Астана базарларының біріне бас сұғып, онда сауда жасап жүрген қарияларға көмек қолын ұсынды. Ал аң-таң болған қариялар көздеріне жас алып, Бердоңғаровқа бата берумен болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

тәңірберген бердоңғаров

Бүгінде блогер атанған Бердоңғаров қарияларды қуанту үшін бір сағат ішінде 100 мың теңге жұмсады.

«Атамекенім» атты бұл акция ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылды. Ол негізінен қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлерді қолдайды. Сол акцияның лебімен біз бүгін базарға келіп, кәсіпкер емес, қарапайым адам ретінде өзгеге көмектесуді жөн деп шештік. Мен бүгін расымен де тиын санап қалған адамдарға азық-түлік таратып бермекшімін”, – дейді Бердоңғаров.

Бұдан кейін белсенді дүңгіршектерге кіріп, қалтасындағы тиынын санап тұрған қарттарға көмек қолын ұсынды. Аң-таң болған қариялар сенер-сенбесін білмеді. Бұл орайда Бердоңғаров:

“Бұл өмірде ештеңені де тегін алып көрмеген қарт кісілер бұл қайырымдылықты жоғары бағалайды”, – деді.

Ал көзіне жас алған зейнеткердің бірі: “Бізге бұл ет бір айға жетеді”, – деп қуанды. Олар бір ауыздан Бердоңғаровқа шексіз ризашылықтарын білдірді.

Бердоңғаров негізінен өзге ұлт өкілдеріне көмектесті. Блогер бұл әрекетінің себебін былай түсіндірді:

“Әрине, неге өзге ұлт өкілдеріне көмектестің деп сұрайсыздар. Бірақ мен аймақтың өзгешелігін қабылдау керектігін айтқым келеді. Олар көбінесе балалары тастап кеткен қариялар. Бізде көбінесе балалар ата-аналарына қарайласады. Қарттар балалармен бірге тұрады. Ал бізге бүгін кезіккен жандардың балалары шетелдерге, басқа жаққа кетіп қалған шығар”.

Бұл орайда Бердоңғаров мүмкіндігі бар жандарды жақсылық жасауға шақырды.

“Достар, сіздер неге барлық мұқтаж жандарға көмектеспедіңіз деп сұрауыңыз мүмкін. Бірақ физикалық мүмкіндігіне қарай, жалғыз адам барлығына бірдей көмектесе алмайды. Сізге де ешкім кедергі емес. Дәл қазір базарға барып, тым болмаса 1-2 адамға көмектесе аласыз. Қолыңыздан келгенше, әрине”, – деп қорытты ол.

Оқи отырыңыз: 

Бердібек Сапарбаев қызметтен кетсе, жастарға сабақ беретінін айтты

Астанада сауда орталығында жүрген жас жігіт субұрқақ суына сүңгіп кетті

Сан-Францискода таксист болып жұмыс істейтін ОҚО-ның жігіті белгілі миллионерді таңғалдырды

Кәсіпкер Құдайберген Шахановтың журналын қайта шығару үшін ақша жинауға кірісті

Талқылау