Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сауда орталығында жүрген жас жігіт субұрқақ суына сүңгіп кетті

Астанадағы сауда үйінде жүрген жігіт субұрқақ суына сүңги жөнелді.

 Астанада жас жігіт сауда орталығындағы суға сүңгіп кетті (видео)

Бұл сәт MEGA Silk Way ойын-сауық сауда орталығындағы таспаға түсіп қалған. Видео жан-жағынан бірнеше рет жазылған. Ролик Instagram желісінің zhest.kz парақшасында жарияланды. Бұл бейнежазба желіге тез тарап кетті.

Жас жігіт елдің көзінше шешініп, екінші қабаттан бірінші қабатқа түседі де субұрқаққа секіреді. Кейіннен көшеге жүгіріп шығып, қармен жуынады. Куәгерлер оны қызықтап, телефон камерасына түсіріп жүр.

Желі қолданушылары жігіттің бәстен жеңіліп қалғаны себепті осылай жасағанын айтуда. Өзгелері жігіттің өз еркімен суға түсіп жүрегінін айтып жатыр.

Астана қаласының баспасөз қызметінің мәліметінше, субұрқақта жүзген жігіттің кім екенін анықталған. Ол 1997 жылы туған жігіт болып шықты. Достарымен сауда орталығында ролик түсірген жігітке айыппұл салынған. Айыппұл мөлшері АЕК көлемінде 12 025 теңге.

Тағы да оқыңыз:

Америка азаматы басына Головкиннің портретін салғызды

Сексжиһад құрбаны: Өзімді жезөкше сезіндім, 7-8 күйеу көрудің салдақыдан не айырмасы бар?

Алматы облысында өлі күйіне табылған сарбаз журналист болып шықты

Талқылау