Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Алматы облысынан табылды

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері 2007 жылы жоғалып кеткен ер адамды тапқан.

12869855

Фото: Public Domain

2007 жылы тамыз айында із-түссіз жоғалған 50 жастағы ер адамды ювеналды полиция қызметкерлері Іле ауданындағы ауылдардың бірінен тапқан. Ер адамның туыстары тек 2015 жылы ғана полицияға шағымданған. Осы уақыт ішінде ол туыстарымен хабарласпай, кездейсоқ табыс табу қамымен жүре берген.

“Оның құжаттарын тексере келе, сыртқы келбетіне қарап оның жоғалып кеткен ер адам екені анықталды. Оның түсіндіруі бойынша ол Іле ауданына жарты жыл бұрын келіп, жеке үйдің құрылысында істеп жатқан”, – деп хабарлады полиция.

Жоғалған жігіттің табылғаны және оның мекен-жайы туралы мәліметті Іле аудандық полициясы Алматыдағы әріптестеріне берген. Қазіргі таңда ер адам отбасына қайтарылды.

Оқи отырыңыз:

Онсыз да сабағы көп оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Ер адам туған бауырының жасаған қылмысы үшін 10 жыл бойы түрмеде отырған

Талқылау