Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 жылжымалы үй": Отандық шоу-бизнес өкілдері су тасқыны кезінде жиналған 25 миллионның есебін берді

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге өнер жұлдыздары 25 миллион теңге жинаған еді. Олар ақшаның қайда жұмсалатынын айтып, ел алдында есеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Роза Әлқожа, Гүлзира Айдарбекова, Ерғали Әбдірайымов, Өктем Алтаев есімді өнер өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жүр. 

“Батыс пен Солтүстік өңірдегі су тасқыны көпті алаңдатып отыр. “Теңізге түскен тамшыдай” үлес қоссам деген арман әр қазақта бар екені сөзсіз. Жиналған қаржыдан 22 млн бөлінген қаражат осы жылжымалы үйге жұмсалсын деп өнер адамдары бір ауыздан мақұлдаған еді. Міне, үйіміз 2-3 күнде дайын болады. Жылы, жайлы, жарық. Күн салқын кезде жылуды ұстап тұрады. Кәсіпкер бауырымыз төмен бағамен беріп жатыр. Бұл нысан уақытша тұруға ғана арналған. Мемлекет үйінен айырылған отбасыларға үй салып береді деген ойдамыз”, – деп жазды Роза Әлқожа. 



Сондай-ақ өнер иесі жеке қаржы бөліп, оралдық ағайынға ас бергенін әріптестері айтты. 

“Роза Әлқожа жеке өз қалтасынан ақша шығарып, 2000 мың адамға түскі ас берді. Мына жерде жас та кәрі де жүр. Су баспау үшін қапшыққа құм толтырып, өзен жиегіне тастап жатыр. Мұндай жұмысқа бала-шаға да, кәрі адамдар да білек сыбанып кірісіп жатыр”, – деп алғыс білдірді Гүлзира Айдарбекова. 

Еске салайық, шоу-бизнес өкілдері тасқыннан зардап шеккендерге неге 100 мың теңге ғана аударғанын түсіндіргенін жазған едік. 

 

Талқылау