Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жасар баланы зорлаған Петропавл тұрғыны тұтқындалды

Баланың зорланғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған. Кейін полиция қылмыстың болғанын растап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

veterinar_20130617_0

Петропавлда кәмілеттік жасқа толмаған бүлдіршінді зорлады деген айыппен 44 жастағы ер адам тұтқындалды. Бұл туралы СҚО ішкі істер департаменті хабарлады.

Дүйсенбі күні әлеуметтік желілерде 10 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат тарап, қызу талқыға салынды. Мектеп мұғалімдері ата-аналардан балаларын мектепке шығарып салп, күтіп алуды өтінді. Облыстық департаменттің баспасөз қызметі зорлық әрекеттері бар қылмыстың орын алғанын растады.

«Петропавл полицейлері зорлау қылмысы жайында сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті – 44 жастағы Петропавл азаматы қолға түсіп, уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптамалар белгіленді, қажетті тергеу амалдарының бәрі жасалуда», – делінген ІІД мәлімдемесінде. Бұдан өзге ақпарат таратылмайды.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматы түрмесінде зорланған атышулы Слекшина аштық жариялады

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған күдіктілерге қатысты дәйектер жоғалып кеткен

Жезқазған саябағында 10 жасар қызды зорламақ болды

Қазақстандағы педофилдер көп кездесетін аймақтар анықталды

Талқылау