Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы түрмесінде зорланған атышулы Слекишина аштық жариялады

Қысым көрген соң қорғаушыдан бас тартыпты. Өткен аптада адвокаттың қызметіне мұқтаж емеспін деп сәлемдеме айтып жіберген Наталья Слекишина бүгін бұған мәжбүрлі түрде барғанын мәлімдеді. Тіпті түрмедегі теперішке шыдамай, аштық та жариялаған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

photo_186310

Темір тордың ар жағында зорлық көрген келіншектің айтуынша, тергеушілер жауапты өзгертуді талап етіпті. Яғни тергеу қапасында жәбір көрмегенін, ал жыныстық қарым-қатынасқа өз еркімен түскенін айтуы керек болған екен. Осының бәрін жіпке тізген Слекишина енді прокурорлардан араша сұрап отыр. Естеріңізге салсақ, абақтыдағы зорлық туралы осыдан 3 ай бұрын белгілі болды. Наталья Слекишина №18 тергеу қапасының 4 қызметкері оны зорлағанын жайып салған. Кейін келіншек босанып, ДНК қорытындысы бойынша сол төртеудің бірі баланың әкесі деп танылды. Сот алдында жауап бергелі жатқан да сол Руслан Хакимов деген офицер.

«Қазір Слекишина прокуратураның оның қауіпсіздігіне жауап беретініне көз жеткізді. Сондықтан шындықты жайып салуға дайын. Оның айтуынша, №18 тергеу қапасының 4 қызметкері зорлаған. Бірінші рет үшеуі зорлық көрсетсе, араға бір апта салып екеуі намысын таптаған. Ал  төртіншісі кейін қосылған екен», – дейді адвокат Айман Омарова.

Талқылау