1 сәуір – күлкі күніне орай достарыңызды алдаудың қызықты жолдары (фото)
1 сәуір – күлкі күніне орай барлығы бір-бірін алдап, қалжыңдасып жатады. Үйде жүрсеңіз, қант пен тұздың орнын алмастырып қоюға болады. Алайда, бұдан да қызықты әрі ерекше алдау түрлері де жетерлік.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Мәселен, сабынды түссіз тырнақ бояуымен сырлап, күнделікті орнына қойып қойсаңыз, таңертең онымен жуынбақшы болған адам сабынды көпірте алмай әлекке түседі.
Тырнақ бояуын балауызды қағазға жағып, кепкен соң одан бөліп алыңыз. Сосын кепкен бояуды лакпен бірге күйеуіңіздің жейдесіне немесе маңызды құжаттардың үстіне қойып қойыңыз.
Тағамға арналған көк түсті бояғышпен тіс щеткасын бояп қойыңыз.
Төсенішті тастармен безендіруге болады.
Немесе үйдің кіре берісін шармен толтырып тастаңыз.
Асүйдің еденіне су құйылған ыдыстарды қойып тастасаңыз да болады.
Унитазға кішкене аяқтың суретін салып, ванна жууға арналған жасыл түсті сұйықтықты құйып қойыңыз.
Досыңыз ұйықтап жатқанда, оған білдіртпестен бетіне мұрттың, денесіне әр түрлі суреттер салып тастаңыз. Ол өзінің күлкілі бейнесін таңертең жуынарда ғана байқайды.
Сезіміңізді білдірудің ерекше жолы.
Әріптестеріңіздің компьютер тышқанын скотчпен орап тастап, олардың пошталарына қалай кіретінін бақылаңыз.