Қазақстандықтар ел халқының бірлігі күнін атап өтуде

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы Жарлығы бойынша жыл сайын кең көлемде аталып өтеді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлысты ұйыстырып отырғандықтан, мемлекет үшін бұл мерекенің орны ерекше. Қазақстан көптеген ұлт пен ұлыстардың ортақ шаңырағына айналып, бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болып отыр. Қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген жұртты бөле жармай, барлығын бауырына басты.

Осылайша, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына себепші болды. Бүгінде бейбітсүйгіш елдің бірлігін айғақтайтын ұлы мейрам әр өңірде тойланады.

Биыл Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Қазақстан халықтарының ассамблеясының этномәдени бірлестігінің концерттік бағдарламасы өтеді.

Сонымен қатар қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, гір тасын көтеру, қол күресі тәрізді ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өтеді.

«Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Достық шеруі» велошеруі өтіп, елордадағы веломаусымды ашады. Сондай-ақ, дәл осы алаңда «Ұлы дала күні» домбыра флешмобы ұйымдастырылып, 500 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқа» күнін орындайды.

Ал «Астана Опера» театрында үлкен концерт өтеді.

Алматыда мерекелік шаралар Астана алаңында өтеді. Қала тұрғындары үшін отандық жұлдыздардың қатысуымен концерт ұйымдастырылады. Кешке халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Парвиз Назаров, Әли Оқапов және «Дервиши» тобы қатысады.

Ал кешкі сағат 19:00-де әнші Айқын Төлепбергеннің жеке кеші өтеді.

Мерекелік шараны Мәскеуден келетін танымал Түрік хоры жалғастырады.

Оқи отырыңыз:

Еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қан тобыңыз арқылы сүйіктіңізбен мінезіңіз қаншалықты үйлесетінін біліңіз

1 жыл бұрын жоғалып табылған ақтөбелік ер адам құлдыққа қалай түскенін айтып берді

Орынбасары: Оғыз Доған Шахановты пайдаланып абырой биігіне көтерілгісі келеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар