Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қан тобыңыз арқылы сүйіктіңізбен мінезіңіз қаншалықты үйлесетінін біліңіз

Былтыр елімізде 142 мыңға жуық адам заңды түрде некесін қиғанымен, 55 мыңға жуығы жыл өтпей жатып ажырасып кеткен. Мамандардың сөзінше, ажырасқан жұптардың көбі мінездерінің үйлеспейтіндерін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Қан тобыңыз арқылы сүйіктіңізбен мінезіңіз қаншалықты үйлесетінін біліңіз

Бұл орайда бір топ астрологтар, психологтар мен медицина мамандары көз жеткізген тәсіл арқылы сүйіктіңізбен қаншалықты үйлесетініңізді білуді ұсынамыз. Ол үшін тек қан топтарыңызды білу қажет.

Қыздар үшін:

І топ. Бұл топтағы қыз-келін­шектер – өте қызғаншақ. Тез қимылдайды­, кесіп сөйлейді әрі тірлігіне қыпты. Соныман қатар, төсекте де белсенділік таныта біледі. Мұндай қыздар күші мығым, ерік-жігері мықты жігіттерді құп көреді. Ал ынжық, жалтақ, ­пікірін ашып айта алмайтын жігіттермен бір шаңырақы астында ұзақ тұра алмайды.

ІІ топ. Осы топқа сәйкес қыздар сабырлы, нені болса да ой елегінен өткізіп, ақылмен шешетін болып келеді. Сонымен қатар қимылы баяулау. Алайда  тірлігіне пысық. Олар көнбіс, сондықтан отбасылық өмірде кез-келген ауыртпа­шылықты көтереді. Алайда бір ашулан­са басылуы қиын. Жылдар бойы жинаған өкпесін лезде төгіп салып, жіпті шорт кесуі мүмкін.

ІІІ топ. Мұндай қыздардың сөзі де, қимылы да жылдам. Сондай-ақ, шешімді де тез қабылдап, ойынан тез айнып қалады. Дегенмен, ойынан шыққан адамынан ешқашан айырылмайды. Шешендігі де бар. Сырт көзге пысық көрінеді. Алайда бойынан жалқаулық пен аңғалдық табылады.

ІV топ. Өте сезімтал жандар. Олар кез-келген адамның тілін таба алады. Шүйіркелесіп кетуі де тез. Алайда ішінде жатқан сырын ешкімге айтпайды. Мұндай қыздар сұхбат құрған адамының сөзін ықыласпен тыңдайды. Сондықтан шер тарқатуға таптырмайтын жан деуге әбден болады. Десе де ренішті кешірмейді. Олар мінезі қатты да, жұмсақ та емес, айналасына сыйлы, беделді жандарды құп көреді.

Жігіттер үшін:

І топ. Бұл жігіттердің қолынан бәрі келеді. Алайда  жұбайын қанша жақсы көрсе де, өзге қыздарға көз салады. Олар бостандықты жақсы көреді. Сонымен қатар сөзге шешен әрі өнерлі. Сырт келбеті көрікті болмаса ада, көптіңі ішінен бірден көзге түседі. Мұндай жігіттер қыз-келіншектердің жүрегін жаулаудың жолдарын жақсы біледі.

ІІ топ. Қан тобы осыған сәйкес жігіттер үлгілі отағасы бола алады. Олар сүйгені үшін бәріне әзір. Өмірде белсенді емес. Десе де өз ісіне тындырымды, тиянақты. Сонымен қатар сүйген аруын қажетті дүниемен қамтамасыз ете біледі. Алайда қызғаншақтығы бар. Сондай-ақ, кекшіл келеді.

ІІІ топ. Мұндай жігіттердің өмірге деген көзқарасы жеңіл. Қашанда серілік жасап, қызық қуып жүргенді жаны сүйеді. Менмендігі бар. Сондықтан сүйгенен кешірім сұарамайды. Керісінше, «осы болмысыммен қабылда» деп менмендік танытады. Ал махаббат мәселесіне келгенде, бұл жігіттер қылықты, пысық, кешірімді әрі өзін күте білетін қыздарды таңдайды. Десе де бала-шағасының тәрбиесіне жауапкершілігі төмен.

ІV топ. Бұл жігіттер кез-келген аруды бақытты ете алады. Себебі сүйгенінің тілегін, ойын, не айтқысы келетінін сезіп тұрады. Әрі көңілінен шыға біледі. Сонымен қатар ән салып, өлең оқитын қабілеттері бар. Тіпті, көңіл-күйі жақсы болғанда, үйдегі кірді жуып, азық-түлікті өзі алып келуге дайын.

Оқи отырыңыз:

1 жыл бұрын жоғалып табылған ақтөбелік ер адам құлдыққа қалай түскенін айтып берді

Студентімен жақындасып, интимді суреттері үшін бопсалаған ба: Оғыз Доған өзін айыптағандарға жауап берді

Қуыршақ сияқты: Жаңа көйлегін көрсеткен Сиви Махмуди жұртты таңғалдырды (фото, видео)

Талқылау