Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті

Қос ұлдан кейін қызды болған Бүркіт, жұбайы мен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Бір қызығы бөбегі осыдан бірнеше күн бұрын дүниеге келгенімен, әлі күнге дейін есім таңдап үлгермеген. Жұлдызды жұптың қуанышты сәтіне Stan.kz ақпараттық порталының тілшісі де ортақтасып қайтқан болатын.

Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті

«Есімін әлі қойған жоқпыз. Біз атасы мен әжесінен сұрап көреміз. Отбасымызбен ақылдасамыз. Содан кейін Құдай қаласа көрерміз. Бізде бірінші ұлымызда туылған кезде екі апта есімсіз жүрді. Үйде бала, балақай деп қана қоятынбыз (күледі)», – дейді Бүркіт.

Кішкентай ханшайымға есім таңдауда әншінің әріптестері де жәрдем көрсетуге әзір екендерін жеткізді. Осы орайда Stan.kz ақпараттық порталының тілшісі Бүркітті қолдап келген қазақ өнері өкілдерінің арасында арнайы сауалнама жүргізген болатын.

Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті

«Біздің отбасымызда есім қою жағынан Арман қатырады енді. (күледі) Онда мен өзіме қатты ұнайтын үш есімді айтайын. Ол Ақбота, Сәуле, Асылым», – дейді Арман мен Аша.

Қолдарына гүл шоқтарын алып, Бүркіт пен Аишаны құттықтай келген Жанболат пен Жазира да өз үлестерін қосуға барын салды.

«Қазіргі таңда жақсы-жақсы есімдер көп қой. Таңдап жүріп қоюға болады. Бізге таңдау берсе Ханшайым деп қоятын едік. Осы есім өздерінің стиліне келетін сияқты. Өйткені олардың сахнадағы таңдаған аттары да өте әдемі әрі халыққа ыңғайлы», – дейді Жанболат пен Жазира.

Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті

«Жігіттер» ұжымының атынан келген топ продюсері Ерғали Әбдірайымовтың да өзіндік нұсқалары бар.

«Бүркіт пен Аишаның жанына қандай есімдер жақын екенін білмеймін. Мүмкін қазақи ат, мүмкін заманауи шығар. Оларға келе ме, келмей ме білмеймін. Маған ұнайтын есім – Гүлсім. Гүлсім деген қазақи есім. Маған өзіме ұнайды мысалы. Ырымшыл халықпыз ғой. Гүл деген жақсы дүние ғой. Немесе Сымбат деп қоюға болады», – дейді «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов.

Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті

Перзентхана арнайы келген Асхат Тарғын да қол қусырып қалмады. «Мария магдалена» хитінің орындауышысы өзіне ұнайтын есімдерді еш іркілместен тізбектеп берді.

«Қазіргі заманауи аттар көп қой. Мысалы, Айгүл, Айнұр деген есімдер маған ұнайды негізі. Бірақ мұсылман аттарды қойған да жақсы. Қазір енді интернеттің дамыған заманы. Интернеттен іздесе, есімдер өте көп!», – дейді Асхат Тарғын.

Айта кетейік, Бүркіт пен Аишаның тұңғышының есімі Зейін, екінші ұлы Омар. Жақында үшінші рет ата-ана атанған жұп қызды болған еді. Ел демографиясына үлес қосуды басты мақсат тұтқан әнші, болашақта мұнымен тоқтап қалмайтынын айтады.

«Енді қаншасын Алла береді, соншаға дайынмын», – деп Бүркіт қысқа ғана қайырды.

Үздік есім: Жұлдыздар Бүркіт пен Аишаның қызына есім таңдауда өзара сайысқа түсті

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: 

Асанәлі Әшімов: 17 жасымда оқуға емтихан қабылдаған профессор маған ауыл шаруашылығына бар деді

Серікбол: МС Сайлаубекпен шатастырған әжей “арағыңды қойып, толып қалыпсың” деп мақтап тұр

Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

 

 

Талқылау