Алматыда үнемі жезөкшелердің етін тұтынып келген үш санитар кәуап жасап, көршілерін қонақ қылған

Алматының қақ ортасында жас әйелдің бөлшектенген денесі табылады. Бастапқыда полиция қызметкерлері жантүршіктірерлік жағдай жалғасады деп мүлдем ойламаған еді. Көп уақыт өтпей қалада нағыз адам жегіштердің жүргені анық болды.

Бұл туралы “Евразия Бірінші” арнасының “Заң сөйлесін” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz. Бұл сұмдық оқиға өткен ғасырда 90-жылдардың аяғында болды.

1999 жылдың 26 қаңтарында жатақхана ауласындағы қоқыс жәшігінен бөлшектенген жас әйелдің денесі табылды. Контейнерлер қаланың қақ ортасында Нидерланды елшілігінен таяқ тастам жерде тұрды. Бір қызығы, осы оқиғадан дәл 20 жыл бұрын атақты адам жегіш Жұмағалиевтің алғашқы құрбандарының бірінің денесі табылған еді.

Оқиға орнына жеткен полицейлер көрші контейнерлерден өзге де дене мүшелерін тапты. Олардан ет мұқият сылынып алынған. Қоқыс жәшіктерінен бірнеше жұп шұлық, әйелдердің орамалы және қанға боялған қол сөмкелер табылды. Сол кезде Алматы қалалық ішкі істер департаменті маңызды істер бойынша тергеуші болып жұмыс істеген Владислав Бекшаев бұл оқиғаны қанды серияның басы ғана екенін ол кезде мүлдем ойламағанын айтады.

“Басында мұндай ой мүлдем болмады. Қала бойынша адамның денесін бөлшектеген екі-үш оқиға тіркелді. Олардың барлығын ізін суытпай ашып жүрдік. Марқұмның Ольга Колесникова екенін анықтадық. Жедел іздестіру шарасын өткізгенде, Ольганы ешкім көрмегенін білдік”, – дейді Владислав Бекшаев.

Ольга Колесникова бұрын ұрлық үшін сотталған. Сол себепті оның саусақ таңбалары мәліметтер базасында сақталған еді. Әпкесімен бірге тұратын әйел ақша табу үшін түнде Сейфуллин көшесіне шығып тұрған. Таныстарының айтуынша, жаңа кәсібінен қатты ұялған. Сол себепті, үнемі жалғыз жүреді екен.

Жантүршігерлік оқиға қорқынышты деректермен толыға түсті. Полиция төңіректегі үйлер мен пәтерлерді тінтіп шықты. Бірдеңе көруі, білуі мүмкін дегендердің бәрінен сұрастырды. Ілік табу үшін осындай қылмысқа бейімі бар деген күдіктілердің барлығын – маскүнем, нашақор, тіпті, мәйітхана мен жындыхана санитарларын да тексерді. Қылмыскерлерді обылыстан да іздеді.

“Тағы да бір болжам болды. Қапшағайдан да жезөкше болған қыздардың мәйіті табылды. Бірақ, оларды буындырып өлтірген және шұлықтарына тиіспеген. Кісі өлімдері тікелей түнгі көбелектерге қатысты екені анық болғанда, Саин мен Сейфуллин көшелерінің бойында тұратын жезөкшелер сұрала бастады. “2-3 айдан соң тергеу, іздеу жұмыстары тығырыққа тірелді. Қылмыскер маньяк болуы да мүмкін. Жезөкшені жалдаған клиенттердің бірі осылай істеуі ғажап емес деп ойладық”, – дейді тергеуші.

Көп ұзамай бөлшектенген дене мүшелерінде алкоголь мен психотропты заттар бар екені анықталды. Полиция жезөкшелерге барғандарды тексеріп жатқанда, кісі өлтірушілерден қорыққан жеңіл жүрісті қыздар да қарап отырмады. Жезөкшелер өздерін белгісіз ішімдікпен мас қылып, өздерін көшеге тастап кеткен адам туралы айтқан үш қызды табады.

“Біз оларды сұрастыра бастаған кезде, қаланың жоғарғы жағында болғанын білдік. Олардың айтуынша, екі ер адамның сөйлеген сөздері мен жүріс-тұрыстары оғаш көрінген. Олар бір-біріне сіз-біз десіп, “Сергей Михаилович, Михаил Сергеевич деп атаған. “Оларға барған кезде ақыл-есіміз түзу болатын, бірақ қалай кеткенімізді білмейміз” дейді қыздар.

Сергей Копай 1967 жылы туған. 1998 жылы республикалық психиатрия ауруханасына санитар болып жұмысқа тұрған. Оған дейін көлік жөндеу орталықтарында істеген. Оның алдында полицияда қызмет етіп көрген. Бірақ, органдардан ішімдікке әуестігі үшін қуылған. Бұған дейін сотталмаған.

Учаскелік инспектор адам бөлшегі табылған жердің маңындағы үйлерді іздестіріп жүріп Сергей Копайдың да үйіне бас сұққан. Құжаттарын қарағанымен, пәтерін тінітпеген. Дәл осы сәтте үш жігіт адам етінен жасалған тұшпараны жеп отырған еді. “Неге екені белгісіз, көршілердің барлығынан еттерді алғанымен, соның тоңазытқышындағы ет алынбай қалыпты. Ол адамдармен сөйлесе білетін”, – дейді Владислав Бекшаев.

Сергей Копайды кейінірек 1999 жылдың 4 тамызында ұстады. Тергеушілер одан облыста жоғалған қыздар туралы сұрастырған. Ол кенеттен Алматыдағы бөлшектенген денелер туралы айта бастайды. Және сыбайластарының аттарын бауыры – Евгений Турочкин мен Михаил Вершининді де атап берді. Бәрі психиатриялық ауруханада бірге жұмыс істеген. Ағайындылар санитар болса, Вершинин мейіргер болып қызмет еткен.

“Оларды әйелге деген жеке көзқарастары біріктірген. Копайдың күн сайын жаңа әкесі болған. Турочкин оның әкесі бөлек бауыры. Оның әйелдерге деген мүлдем икемі болмаған. Оның үстіне еркектік күштен де жұрдай болған”, – дейді тергеуші.

Олар ең алғашқы қылмыстарының бірін 1999 жылы 30 сәуірде жасайды. Пәтерге жезөкше шақырады. Жезөкше кетуге жинала бастағанда, Копайды сараңдық қысып, қызметі үшін көбелекке төлеген 500 теңгені қайтарғысы келеді. Тергеу барысында Копай қызды жуынатын бөлмеде қалай бауыздағанын көрсетіп берді. Марқұм оған екі баласының бар екенін ғана айтып үлгеріпті. Қылмыстарының ізін жасыру үшін ағайындылар мәйітті мүшелеп тастайды. Ал етінен кәуап жасауды жөн көреді.

Ертесінде 1 мамыр күні туысқандары мен көршілерін адам етінен жасалған кәуапқа тойдырады. Кейінірек 1998 жылдың тамызында ағайындылардың ортақ танысы олардың кездейсоқ құрбанына айналады. Ұрыс кезінде Турочкин әйелдің қолын шынымен кесіп алады. Осыдан кейін олар дастархан басында ішуден жалғастырады. Ал ертесінде қанға бөккен қыздың өліп қалғанын көреді. Капай жұмыс кезегінен келген соң қылмыстың ізін жасыру үшін денесін бөлшектеп тастауды ұсынады. Мәйіттің еті әдеттегідей тұшпара, котлетке кетті. Марқұмның киімдері мен әшекейлерін Копай әйеліне берді.

Вершинин бұларға 1998 жылдың қыркүйегінде қосылған. Вершинин сол кезде психиатриялық ауруханаға жұмысқа тұрған еді. Үшеуі жиі бас қосып, бірге жүретін болды. Жезөкшелерді шақырып, арақ ішумен болады. Вершинин Копайга “Тоңазытқышым бос тұр. Соны толтырып қою керек еді” деп жиі айтқанды жақсы көрген. Сондағы көздегені Сейфуллин көшесінен кезекті құрбанды әкелу еді.

“Михаил психикалық тұрғыда бөлекше тұлға болды. Білімге ұмтылып, жаңа нәрселерді үйренгенді ұнататын. Өзін өзгелерден жоғары санаған. “Ауруханада жұмыс істеп жүргенде қажеттіні психиатр дәрігерлерден артық білдім” дейді ол”, – дейді тергеуші.

Копай мен Вершининді жезөкшелерге деген қызығушылықтары жақындастырған. Біріншісі оларды өзіне сифилис жұқтырғаны үшін жек көрсе, Вершинин моральдық тұрғыда тәнін сатқаны аздай, нашақорлыққа берілгендерден әлемді тазарту керек деп санаған. Турочкин де бұлардың қатарына кездейсоқ қосылған жоқ. Әлсіз, ерік-жігерден жұрдай белсіз еркек. Кісі өлтірерде ол жиі көз жасына ерік беріп, қыздарды аяған. Кейде мәйіттермен жыныстық қатынасқа түскен.

Вершинин қылмыстық топтың идеал көсемі болды. Анатомияны зерттеп, адам етін әуестікпен татып көргенін айтады. Адам өлтіруді жеңілдету үшін психотропты дәрілерді қолдануды ұсынған. Өзінің айтуынша, тәжірибеге бола дәмін салыстыру үшін тұшпараны жеп көріпті. Одан кейін жемеген көрінеді. Бұл жағынан алғанда Турочкин мен Капайды азғынданып кеткен деп санайды. Вершинин өзін медицина ғұламасы ретінде таныстырады. Адам ағзасын зерттегісі келді. Ол бас сүйек сұраған. Екі бас сүйегін өртеп жіберген. Үшінші Букареваның бас сүйегін ағартқан соң сыйлық ретінде ұсынған. Вершинин оны үйіне әкеліп зерттеген.

Сот психиатриялық сараптама мүшесі Айжан Құдайбергенова 90-жылдары жұмысқа қызметкер табудың қиын болғанын айтады. Әсіресе, сантитарлыққа жұмысқа келу деген құмнан ине іздегенмен бірдей болған екен. “90-жылдары өздеріңіз білесіздер кеңес заманының құлдырауы болды. Жалақы өте төмен еді. Сол себепті, жұмысқа келген адамды ала бердік. Ал санитар мамандығына ешкім келмейтін. Өйткені, жұмыс өте ауыр, талабы өте үлкен, өтемақысы төмен болатын”, – дейді Айжан Құдайбергенова.

Ақырында үш қылмыскер өмір бойына бас бостандықтарынан айырылып, Қара Бүркіт түрмесіне жабылды. Сергей Копай көп ұзамай қайтыс болып кеткен екен.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жалақы даулаған жігіт қарынын өткір затпен тіліп тастады

Алматы облысының жол бойында көлік жолаушы әйелдің аяғын жұлып әкетті (фото)

Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын болжады

Шығыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар