Үш күн Каспий теңізінде болған жігіт қалай құтқарылғанын айтып берді

Дүйсенбі, 26 Маусым , 2017 16:57

Үш күн бойы ашық теңізде жүзіп, тылсым бір ғажайыптың кұшімен аман қалған 24 жастағы Абылай Сүлейменов оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

2591632

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының 24 жастағы тұрғыны бұл жылы ауыз бекітіп, ораза тұтқан. 19 маусым күні кезекті ауызашардан кейін ол досымен бірге Каспий теңізіне шомылуға барған-ды. Қос жігіт біраз жерге дейін жүзіп барып, толқынның басталып кеткенін байқамай қалса керек-ті.

Досы құтқарылып, жағаға шықса, Абылайдың өзі суда қалып кеткен. Қайта абырой болғанда, үстінде құтқару жилеті ал жанында автокөлік камерасы болған.

«Мен жүзе аламын, үш күн бойы тек жағаға жетуді ойладым. Ұйықтап қалмауға тырыстым, себебі камера төңкеріліп кетіп, батып кетемін бе деп қорықтым», – деді Абылай ағынан жарылып.

Үш күннің ішінде Абылайдың үстінен екі тікұшақ ұшып, дәл жанынан браконьерлердің бар-жоқтығын тексеретін қайық жүзіп өткен. Алайда бұлардың бірде бірі Абылайды байқамаған.

Жігіттің пікірінше, адамдар оны жилеттің түсінің кесірінен көрмеген.

«Үстімдегі жилеттің түсі жасыл болатын. Оның түсі теңіз суына ұқсас, ал автокөлік камерасы қара түсті. Дәл осы себепті адамдар мені байқамады. Қайық дәл қасымнан жүзіп өтті. Сол сәтте құтқарылатындай болдым», – дейді Абылай.

Жас жігіттің иран қайығы құтқарып қалған.

«Жүзіп бара жатқан қайықты көріп, соңдарынан жүзіп бардым. Олар мені бинокль арқылы көріп, шлюпка түсірді. Одан кейін құрғақ киім беріп, жылытты. ТЖ-ға мен туралы ақпарат берген де солар», – деп еске алды Абылай.

Абылайдың қан қысымы төмендеп, қызуы көтерілген. Құтқарушылардың қолына түскен кезде Абылай есін білер-білмес халде еді. Көп ұзамай ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында болды.

Ал бұл уақытта жақындары мен достары Абылайды іздестірумен болған. Анасы Салима Жолдасова ұлының жоғалып кеткенін тек келесі күні таңертең білген.

Салима Жолдасова балабақшада аспаз болып жұмыс істейді. Ал Абылай компьютерлерді жөндеумен айналысады. Сол күні ол жұмысына кетіп, ауызашарға келмепті.

«Сырттан тамақтанып келетін шығар деп ойладым. Өзім ұйықтап қалдым. Сәресіне де тұрмай қалыппын. Таңғы сағат 6-да күйеуім ұлымыздың қонуға келмегенін айтып ашуланды. Оған қоңырау шала бастадым. Қоңырау барып тұрғандықтан, достарының бірінің үйінде ұйықтап жатқан шығар дедім, ұлымның ұйқысы қатты еді», – деп атап өтті ол.

Абылайдың жоғалып кеткенін естіген ана содан бастап Жаратқаннан оның амандығын тілеген. Тіпті, теңізге барып, ұлын қайтарып беруін өтінген.

«Қасиетті Қадыр түнінде Құдайға жалбарындым. Сол түні есігімізді біреу қаққандай бола берді. Қайта-қайта жүгіріп барамын, ал онда ешкім жоқ. Сол күннің ертесіне қайын інімнің әйелі қуанышты хабарды жеткізді», – дейді Салима Жолдасова.

Сол кездегі өзінің әрекетін бүгінде Салима күліп еске алады.

«Бірден әбігерге түсіп, дастархан жая бастадым. Сол сәтте оны үйге алып келеді екен дедім. Оны ауруханаға жатқызып қояды деген ой мүлдем келмеді», – дейді Абылайдың анасы.

Баласымен қауышқан ананың дәрігерлерге, ирандықтарға айтар алғысы шексіз.

Абылай анасына қала жарығын, әуежайды, тіпті, бір жерден Баку деген жазуды көргенін айтты. Алайда ол сол күйі жағаға жете алмапты.

Абылайдың тұрмыстағы бір әпкесі мен туған екі інісі бар. Алдағы уақытта анасы Абылайды үйлендіріп, бірге өткізген әр сәтті бағалауға ниетті. Ол жақындарын жоғалтып алған жандарға өз басынан кешкен ғажайыпты тіледі.

Жіберіп алмаңыз: 

Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Бердібек Сапарбаев əке-шешесінің несиесі мойындарына ілінген жетім балаларға көм­ектесуге уəде берді

Өзбекстан қазағы: Жағдайымыз жақсы, сондықтан Қазақстанға келуге асықпаймыз

Нью-Йоркте гей-шеруге қатысушылар неліктен қазақша киініп, Қазақстан туын ұстап жүрді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар