Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш айлық сәбиі бар Айдана Меденова бейнебаян түсіруге кірісіп кетті

Жуырда ана атанған Айдана Меденова декреттік демалыста ұзақ уақыт жатып алмай, шұғыл жұмысқа кірісіп кетті. Танымал әнші қазіргі уақытта жаңа бейнебаян таспалап жатыр.

21371776_120510755349870_5032119142967148544_n (1)

Бұл туралы Гәкку арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Бұл менің екінші рет ана атанғаннан кейінгі бірінші бейнебаяным. Өте тез түсірілімді бастадық. Балама қазір үш ай. Бейнебаянға дайындық ұзақ болды, 1 айға созылды”, – дейді Меденова.

Айдананың жаңа әні махаббат жайлы болмақ. Оның аты белгілі. Бірақ нақты емес.

“Әннің аты «Тіке-тіке» деп аталады. Көреміз, барлығы дайын болғанда мүмкін өзгереді. Алдыңғы бейнебаяндарымнан өзгешелігі – сценарий бар. көбінесе сол сценарийға, билерге толы болады”, – деп түсіндірді Айдана.

Романтикалық әнге таспаланып жатқан клипте көңілді сәттер де болады.

«Бейнебаянды көңілді әнге түсіріп жатырмыз. Комедиялық та жақтары болады. Сондықтан қызық болады деп ойлаймын», – дейді Айдана.

Айта кетейік, клипте басты рөлді Айдананың өзі сомдамақ.

«Үш кейіпкер болады. Мен және тағы екі кейіпкер басты. Әрі қарай барлығын өздеріңіз көресіздер. Ол құпия болып қалсыншы», – деді ағынан жарылып Айдана.

Жіберіп алмаңыз:

Жандарбек Бұлғақов Халықаралық айтыста бас жүлдені еншіледі

“Жігіттерлік” Айдар асабалыққа бет бұрды (видео)

Қыдырәлі Болманов Голливудтағы күндерін сағынышпен еске алды (видео)

Жұлдызды төрттік: Ләйлә Сұлтанқызы әншілермен бірге қыз ұзатты (видео)

Талқылау