Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда тұрғын үйдің үстіне төбеден ұшақтың есігі құлап түсті

Үндістанның Телангана штатында үйдің төбесіне әуеден ұшақтың есігі құлап түсті.

Бұл уақытта отбасы мүшелері үйде болған. Үйдегі адамдар жарылыс екен деп сыртқа шыққанда террассадан көліктің бір бөлшегін көреді. Ол ұшақтың есігі болып шықты.

Кейіннен бұл бөлшектің Diamond DA42 әуе академиясына тиесілі ұшақтың есігі екені анықталды. Ұшақ 750 метр биіктікте дайындық жаттығуын өткізген. Ұшақ өте ескі болғандықтан ұшу кезінде есігі жұлынып түсіп қалған.

Ұшқыштар есігі түсіп қалғанына қарамастан жерге сәтті қонып үлгеріпті. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқаны туралы дау өрши түсті

Лас-Вегастағы атыстан аман қалған ерлі-зайыпты екі аптадан соң жол апатынан көз жұмды

Өз еркінсіз тұрмысқа шыққан қыз күйеуі мен оның 12 туысын улап өлтірді

Талқылау