Үндістанда 5 адамға даниялық саяхатшаны зорлады деген айып тағылды

Дүйсенбі, 6 Маусым , 2016 15:35

Дели соты 5 үндістандық Даниядан келген 52 жастағы саяхатшы әйелді  2014 жылы зорлады деген күдікті растап, қылмыскерлерге қатысты үкім оқыды.

үнді-соты

Олардың жазасы қазірге белгісіз. Нақты үкім 9 маусым күні шығарылады деп күтілуде.

Пахарганж ауданына қарасты  қонақ үйге тоқтаған әйелді  2014 жылдың қаңтарында зорлап кеткен. Қонақ үйге жақын жерде жүрген әйелге бір топ еркек бірден жабылған. Полицияның берген мәліметі бойынша еркектер әйелді тонаған, кейіннен ойларына келгенді істеген.

Сондықтан бұл іске қатысы бар деген тағы үш адам тексеріліп жатыр.  Саяхатшы әйелге шабуылдап, зорлау оқиғасы халықаралық БАҚ үлкен талқыға түсті.

Даниялық әйелге күш көрсеткендер елде қабылданған жаңа заң бойынша жауапқа тартылып жатыр. Үндістан билігі 2012 жылы болған қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін әйелдерді зорлау қылмысына баса назар аударуды қолға алған. Ол кезде 23 жастағы студент қызды бір топ еркек зорлап, өлтіріп қойған еді.

Қайғылы жағдай Үндістанда үлкен талқыға түсіп, халық биліктен әйелдерге күш көрсеткендерді жазалау түрін барынша қатаңдатуды талап еткен болатын. 2014 жылы Үндістан соты 2013 жылы  Мумбайда журналист әйелді зорлағаны үшін дарға асуға үкім шығарған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар