10 жасар қыз өзінің туған ағасынан сәби босанып алды
Үндістанда 10 жасар қыз, туған ағасынан жүкті болып сәби босанып алды. Ол соттың түсік жасатуға білдірген қарсылығынан кейін сәбиін өмірге әкелуге мәжбүр болған.
Салмағы екі жарым келі болатын нәресте Чандигарх 17 тамыз күні өмірге келген. Дәрігерлер кесер тілігін жасау арқылы босандырған. Ал қыз бала болса өзінің сәби босанғанын білмепті де. Туыстары оған тек бүйрегіндегі тасты алдырдық деп хабарлаған.
Нәресте өзін жақсы сезінуде. Алайда туыстары баладан бас тартып, оны әлеуметтік қызмет өкілдеріне беруді дұрыс деп шешкен.
Қыз баланы туған ағасы бірнеше ай бойы зорлағаннан кейін жүкті болып қалған. Отбасы түсік жасатуға тырысқанымен, сот бұл жағдай қыздың денсаулығына зиян келтіреді деп өтінішті қанағаттандырмай қойыпты.
Оқи отырыңыз:
Венесуэллалықтар аштықтан зообақтағы хайуанаттарды ұрлап жеп жүр
Пілдің алқызыл түсті баласы көпшіліктің таңданысын туғызды (фото)
Францияда жағажай қожайыны жалаңаш суға түскен әйелді травматикалық қарумен жаралады
Әжей гауһар тасты қымбат жүзігін 13 жылдан соң сәбіз арасынан тауып алды

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
