Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда жағажай қожайыны жалаңаш суға түскен әйелді травматикалық қарумен жаралады

Бір топ нудистер ескертуді тыңдамай киінуден бас тартқан. Францияның  Порто-Веккью қаласындағы мейрамханалардың бірінде қожайыны демалушы әйелді травматикалық қарумен атты. Түсініспеушіліктің кесірінен Италиядан келген әйелдің жанбасына резіңке оқ тиген.

жалаңаш

Оқиға болған қаланың маңындағы аудан тұрғындары түгелдей нудистер екен.  Олар жағажайда жалаңаш күйде еркін жүрген. Мейрамхана қожайыны оларға келіп киінуді немесе ол жерді босатуларын сұраған. Демалушылар оның ұсынысына күле қараған болуы керек, қожайын травматикалық қаруын алып, бір топ адамға қарай оқ жаудырған.

Осы оқиғадан кейін жергілікті полицияға ондаған шағым түскен. Мейрамхана иесін ұстап алып кеткенімен, дәлелдер жеткіліксіз болып, босатып жіберген.

Францияда нудизм биліктің қадағалауында. Адамдарға кей орындарда жалаңаш жүруге тыйым салынған. Жағажайда жалаңаштар еркін жүреді және оған жергілікті халық үйреніп те кеткен.

Оқи отырыңыз:

Астанада қаршадай қызды зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

Ресейлік танымал актриса өмірден озды

Оғыз Доғанның әуедегі әрекетін “арзан ойынға” балаған танымал блогер көптің ашуына тиді

Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін

 

Талқылау