Басты жаңалықтар
Үлкен қызымен жарыса билеген Тұрсынбек Қабатов желіні жарды (видео)
Еліміздегі ең танымал актерлердің бірі Тұрсынбек Қабатов балаларының өнерге қадам басуына қарсы емес сыңайлы. Жақында 5-ші мәрте әке атанатын Қабатовтың перзенттері өнерден құр алақан емес. Тұңғышы Адема би билесе, ортаншы қызы Айым ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатында өнер көрсеткен болатын, деп жазады Stan.kz.
Ал үшінші қызы Ninety one тобына пародия салып, желі жұлдызына айналған болатын.
Айтпақшы, Тұрсынбектің жары Мөлдір де өнерден кенде емес. Бір кездері ол жұбайының концертінде фортепианода ойнаған болатын.
Бұл орайда Тұрсынбектің тұңғыш қызы Адемамен бірге сахнаға шығуға дайындалып жүргенін айта кетейік. Желіде пайда болған мына видеода әкесі мен қызы жердің шаңын шығарып билеген. Желі қолданушылары Қабатовтардың бұл өнерін де жоғары бағалауда.
“Әкесі мен қызының биін саxнада тамашалағыңыз келеді ме?Дайындалсын ба, ағайын?” – дейді Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған

"Үреймен көз іліп, қорқынышпен оянады": Ливан мен Сирияда бітімгер болған қазақ қызы жанкешті оқиғасын бөлісті
Ардақ әскери салада қызмет етемін деген қыз-келіншектерге өз армандарынан бас тартпай, бір орында тоқтап қалмау керек екенін айтады