Үкімет басшысы: Наурыз мейрамы келе жатыр, баға күрт өсіп кетпесін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. Ұлттық экономика министрі жыл басынан бергі азық-түлік бағасының өзгерістері туралы айтты. Ол ең жоғары өсім байқалатын қалаларды да атады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

“Баға мәселесін қатаң бақылауға алыңыздар. Алда тағы да Наурыз мерекесі келе жатыр. Осыған байланысты баға күрт өсіп кетіп жүрмесін!”, — деп тапсырды премьер-министр үкімет отырысында.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 0,7 процентке өсті.

«Бағалардың ең жоғары өсуі мына тауарлар бойынша байқалады: қырыққабат – 12,7 процентке, пияз – 7,4 процентке, картоп – 5,5 процентке, ал сәбіз 4,5 процентке өсіп отыр. Бұған сақтау шығындары, қыс кезінде қолайсыз жағдайда тасымалдау бағаларының өсуі себеп болды», – дейді министр Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, қарақұмық, бірінші санаттағы жұмыртқа, бірінші сұрыпты ұн, тауық еті, күнбағыс майы мен тұздың бағасы төмендеді.

Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ең жоғары өсуі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе облысында тіркелген. Жалпы, барлық облыстарда осы санаттағы тауарлардың шекті бағадан асып кеткені байқалады.

Айта кетейік, отырыс кезінде Бақытжан Сағынтаев xалықты баспанамен қамту жағынан қалып келе жатқан өңірлерді сынға алды.

Тағы оқыңыз:

Министр Астанаға тартылатын газдың бағасы қанша болатынын айтты

Елбасы жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті

Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған

Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар