Үкімет ақысыз кәсіптік және теxникалық білім беру бойынша жоспарды жасақтауда

Жұма, 11 Желтоқсан , 2015 16:38

Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева жетекшілік ететін арнайы жұмыс тобы ақысыз кәсіптік және теxникалық білім беру бойынша Жоспарды 2016 жылдың сәуірінде аяқтамақ.

sarinzhipov_123_0кімет ақысыБұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшіл ететін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл топқа колледж оқытушылары, мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, жергілікті билік өкілдері еніп отыр. Бұл жұмыс тобы Қазақстанда кәсіптік білімді ақысыз жүйеге көшірудің нақты жоспарын жасақтауы тиіс”, – деді А. Сәрінжіпов.

Айтуынша, ағымдағы жылы теxникалық мамандықтар бойынша ақылы бөлімде білім алып жатқан студенттерге 5358 орынға республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

Осы орайда тиісті департаменттерге кәсіптік білім беру саласындағы ақысыз теxникалық мамандықтарды анықтау бойынша жұмыстарды бастау жүктелді. Және мемлекет басшысы 2017 жылы ақысыз кәсіптік-теxникалық білім беру жүйесін енгізуді тапсырған.

Елде 800-ге тарта колледж бар. Оларда қазіргі уақытта 183 мамандық бойынша оқыту жүріп жатыр. Оның ішінде 193 мамандық теxникалық, теxнологиялық және ауыл шаруашылығы саласында.

Ақысыз теxникалық және кәсіптік білім беру бірінші кезеңде келесідей санаттарға таралады. Біріншісі,  жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту 100% мемлекет тапсырысы бойынша жүретін болады. Қазіргі уақытта осы мамандықтар бойынша оқып жатқан 97 мың адамның 93 мыңы тегін оқуда. Енді ол санды 100% жеткізу үшін 4 мың адамды ақысыз жүйеге көшіру керек. Екіншіден, өзін-өзі қамтыған, жұмысшы біліктілігі жоқ 29 жасқа дейінгі азаматтар енеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар