Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұралы Әліп Ресей премьер-лигасының "Үздік футболшысына" үміткерлер тізіміне кірді

Ресей премьер-лигасының (РПЛ) баспасөз қызметі лига үздіктерінің сыйлығына үміткер 100 футболшының тізімін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: "Зенит" футбол клубының баспасөз қызметі

Ойыншылар 2023-2024 жылғы маусымның "Үздік ойыншысы" атағына таласады. Олардың арасынан өз позициясындағы үздіктер де анықталады.

Айта кетейік, тізімге "Зенит" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп те енгізілді. Онымен бірге "Зениттен" үздік қорғаушы атағына Родригао, Страхиня Эракович және Дуглас Сантос та үміткер болып тіркелді.



"Бірінші кезеңде журналистер мен блогерлер өз пікірі бойынша 30 үздікті таңдайды. Ал финалистер тізімі 2 мамырдан бастап марапаттау алаңында дауыс беру арқылы анықталады. Сонымен қатар үздік 100 ойыншының әрқайсысы жеңімпаз атағы үшін бақ сынасады", – деп мәлімдеді Ресей премьер-лигасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 20 сәуірде Алматыда "Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтарының арасында кездесуі өткені туралы жазған едік. Ойынды 1:3 есебімен қонақтар жеңді. Кейбір жанкүйерлер билет алса да, стадионға кіре алмаған.

Талқылау