Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Костенко шахтасындағы өртті сөндірген кеншіні орденмен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасында өрттің ұшқынын жойып, апаттың алдын алған слесарь Айбар Қосановты марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

кенші

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Мұндай ақпарат Ақорда сайтында жарияланды. 

“Мемлекет басшысының жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін "Qarmet" акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды”, делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Қарағандыда Костенко атындағы шахтада К3 төртінші конвейер дрейфінде түтін шықты

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, түтінді өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр монтері Айбар Қосанов сөндірді.

"Шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі түтін туралы ескерту жүйесі қосымша іске қосылды. 19:45-те датчик сигналына байланысты түтіннің шығу себебі жойылса да, 194 кеншіні эвакуациялау туралы шешім шығарылды”, – делінген ТЖД хабарламасында. 

Талқылау