Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдыздан келін статусын алып тастаған": Гүлзира Айдарбекова екі келінімен видео түсіріп, ел талқысына түсті

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы және кенже келінімен вайн түсіріп, көпшілікті күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Бүгінде өнерлі отбасы үш келін түсіріп, 6 немере бағып отыр. 

“Бізде атасының келіні, апасының келіні болып екіге бөлінеді. Әркім өз келінін жақтап, осындай болып тұрады”, – деп жазды Индира Мәуленова. 

Сондай-ақ жұлдыз ене келіндерінің түсірген видеосын қатты сынамай, әзіл ретінде қарауды өтінді. 

“Бұл – жай әзіл ғой. Неге күйіп-пісіп жатырсыздар?! 3 келін ұлдарымыз тұрғанда біздікі, біреуі жаман еді десем, жақсы келіндеріңізді ауыстырып бересіздер ма қалай? Сол үшін бөліп-жарудың қажеті жоқ. Біздің ұрпағымызды жалғастырып отырған соң, өміріміздің жалғасы – осылар. Бір-біріне азғыруды қойыңыздар. Ең бастысы аман болсын, бірде олай, бірде бұлай, бұл өмір ғой. Бәрі де уақыты келгенде жақсы болады. Үміт артқан ұл қыздарыңыз бақытқа жеткізсін!”, – деді Гүлзира Айдарбекова. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қос келіннің татулығын сөз етіп жатыр. Алайда әулеттің үлкен келіні Жұлдызды іздегендер де табылды. 

“Жұлдыз генерал келін шығар”, “Кенже келіні бәрінің тілін тапты”, “Гүлзира ханым, үлкен келініңізбен ара-қатынасыңыз қалай?”, “Қайрат болмаса, Жұлдыз ешкім емес”, “Бұлар Жұлдыздан келін деген статусты алып тастаған”, деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ұлдарының 40 шақты адамды жұмыспен қамтып отырғанын айтқан еді. 

 

Талқылау