Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Былтырғы астықтың төрттен бірі қамбада қалды": Шығыс Қазақстан диқандары өткен жылғы шығыннан әлі айыға алмай отыр 

Шығыс Қазақстанда былтырғы астық өнімінің төрттен бір бөлігі қамбада қалды. Диқандар шығыннан әлі айыға алмай келеді. Биылға болжанған құрғақшылық жағдайды күрделендіре түсе ме деп алаңдайды. Ірі шаруа қожалықтары төтеп бергенімен, орта және шағын шаруашылықтар банкротқа ұшыраудан қорқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  31-арнаның Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Былтырғы қуаңшылықтың салдарынан Фарид Әбітаевтың шаруашылығы гектарына 30 центнерден аз өнім алған. Бұрын бұдан екі есе көп өнім алынатын. 

"Біз ресейлік астықпен бәсекеге түсе алмаймыз. Олар қазірдің өзінде елімізде төмен бағамен сатылып жатыр. Бір тоннаға шамамен 50-ден 70 мың теңгеге дейін. Сайып келгенде, біз өзіндік құннан төмен кетеміз", – дейді "майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС бас директоры Фарид Әбітаев. 

Әкімдіктің мәліметінше, биыл егіс алқабы 7 мың гектарға ұлғаяды. Былтырғы тәжірибені ескере отырып, дәнді дақылдар аз егіледі. Ал майлы дақылдар мен жемшөпке басымдық беріледі. 

"Бізде биыл 47 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу керек деген жоспар бар. Осы бұйрықты орындау үшін министрлік субсидиялаудың тиісті ережелерін де өзгертті. Алдын ала төлем жасалады.
Кепіл саясатының қатаңдығынан шаруалардың барлығы бірдей жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алмай отыр дейді мамандар. Ал ресейлік өнімдер мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен преференциялардың арқасында арзанырақ. Сондықтан Қазақстанда мемлекеттік қолдау көрсету ережелерін қайта қарау қажет", – деп атап өтті фермерлер қауымдастығы.

 

 

Талқылау