Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйеліме апта сайын бренд сыйлық беремін": Қыран Талапбек табысты болудың құпиясын бөлісті

Танымал отбасы Қыран Талапбек пен актриса Гүлзада Тұрлаш отбасылық өмірлерінің қалай өрбіп жатқанын “DS show” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: https://www.instagram.com/kyran_talapbek/

Актриса Гүлзада Тұрлаш жолдасының сыйлаған қымбат сыйлықтарын жиі көрсетіп жүр. 

“Мен қазір өзім армандаған өмірді сүріп жатырмын. Бірақ мұның материалдық жағдайға қатысы жоқ. Мен Қыранға тұрмысқа шықпай тұрып-ақ бақуат өмір сүргенмін. Ал қазір рухани тұрғыда бақыттымын. Меніңше, әр қыз өзін сыйлайтын, сүйетін, қолдайтын жігітке тұрмысқа шығуды армандайтын шығар. Бұл тұрғыда менің арманым орындалды. ...Күйеуің апта сайын қымбат бағалы, бренд әшекей сыйлау үшін ең алдымен Құдайға шүкіршілік айтуды ұмытпау керек. Сосын сол сыйлықты берген адамға алғысыңды жаудырасың. Мейлі, ол тіпті кішкентай нәрсе болса да, шын жүректен қуана білу керек. Мәселен, Қыран екеуміз кездесіп жүргенде ол маған кәдімгі түймедақ гүлін алып келетін. Одан басқа ештеңе берген емес. Басында оған қатты ашуланатынмын, "қандай жігіт мынау" деп көңілім түсіп кететін. Бірақ кейін бәрін түзеуге болатынын түсіндім. Ал қазір апта сайын қымбат сыйлық алып тұрамын", – деді актриса. 



Әйелінің сөзін мобилограф та растап, оны қуанту үшін жұмыс істейтінін жасырмады. 

“Неге мен әйеліме апта сайын қымбат сыйлық беремін? Өйткені ол не берсем де, шын жүрекпен қуанады, алғысын айтып, қабылдайды. Оның сол қуанған эмоциясын көру маған энергия береді. Соны көру үшін әрекет етемін, жұмыс істеймін. Еркектер ондайдан күш-қуат алады", – деді белгілі мобилограф.

Айта кетейік, мобилограф Қыран Талапбек блогер Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ құрған еді. Кейін екеуі ажырасып кетті. Араларында бір ұл бар.

Ал Гүлзада Тұрлашпен былтыр шілде айында бас қосты.

Талқылау