Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлену тойы кезінде оқ тиіп жарақаттанған күйеу жігіт тойды тоқтатпай, әрі қарай жалғастырды

Үндістанның астанасы Нью-Делиде күйеу жігіт үйлену тойы кезінде оқ жарақатын алды. Алайда ол тойдың тоқтамай, әрі қарай жалғасқанын қалаған.

Үйлену тойы кезінде оқ тиіп жарақаттанған күйеу жігіт тойды тоқтатпай, әрі қара жалғастырды

Бұл туралы Hindustan Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жас жұбайлардың шаңырақ көтергеніне қуанған отбасылары бастапқыда үйлену тойын үйде мерекелей бастаған. Артынша арнайы ғимарақта барып, тойды сол жерде жалғастырмақ болған. Жас жұбайлар күймеде отырған. Ал олардың туыстары жаяу еріп, жол бойы билеген. Осы кезде кенеттен күймеге екі ер адам тап беріп, күйеу жігітке оқ атады.

Салдарынан күйеу жігіттің оң жақ иығы жарақаттанған. ол не болғанын бірден аңғара алмай қалған. Соны пайдаланған қаскөйлер оқиға орнынан із суытып үлгеріпті. Артынша күйеу жігіт ауруханаға жеткізілді. Алайда ол 3 сағаттан кейін үйлену тойы өтіп жатқан жерге қайтып келіп, әрі қара көңіл көтерген.

Той аяқталғаннан кейін ер адамға қайтадан ауруханаға баруға тура келді. Оған ота жасалуы мүмкін.

Ал куәгерлердің сөзінше, күйеу жігітке оқ атқан белгісіз біреудер мотоциклмен келген. Полициядағылардың болжамынша, оқиғаға қонақтар арасындағы ұрыс немесе әлдекімнің күйеу жігітті жақтырмауы себеп болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау