Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлық көрген 7 жасар абайлық балаға қатысты жаңа деректер анықталды

Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланың ресми өкілі Құрманғазы Мүсір ақпараттың таралып кетуіне байланысты мектеп директорын, тәрбие жұмысымен айналысатын орынбасарды және психологтар мен тергеушілерді сотқа беретінін айтты.

Зорлық көрген 7 жасар абайлық балаға қатысты жаңа мәліметтер анықталды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Біз бастапқыдан зорлық фактісінің рас-өтірігінің анықталуын күттік. Бүгінде зорлықтық болғаны расталды. Енді біз прокуратура мен мектеп директорының және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбардың, сондай-ақ психологтардың үстінен шағым түсіруді жоспарлап отырмыз », – деді Мүсір.

Оның айтуынша, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кінәсінен атышулы істі тергеу кезінде мектеп мұғалімдері мен басқа мүдделі тұлғалар маңызды деректерді біліп отырды. Басқаша айтқанда, олар барлық ақпараттан хабардар болды. Зорлық көрген баланың ресми өкілі тергеуші қандай да бір жолмен олар үшін істі реттеп отырды деген ойда. Себебі, тергеу кезінде ақпарат таралып кеткен.

Зорлық көрген бала қазір Алматыда анасының жанында. Оқығаның болғаныны бес ай өтсе де жәбірленіші мен күдіктілер оқыған мектептерде шу әлі басылған жоқ. Бүгінгі күні №74 мектептің директоры зейнетке шығып, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінен кетті. Ал, № 73 мектептің басшысының тағдыры ресми түрде шешілмеді. Дегенмен қазіргі кезде білім беру мекемесін жаңа басшы басқарып, бұл жағдайды еске түсірмеуге тырысуда.

Қазақстандықтарды дүр сілкіндірген іс сот қаруына жіберілді. Топтық зорлық жасады деп төрт жасөспірім күдікке алынды. Олардың үшеуіне қатысты қылмыстық іс 14 жасқа толмағандарына байланысты тоқтатылды. Тек бір айыпталушы ғана жақын уақытта сот алдында жауап береді. Алайда, бұл сот отырысы жабық түрде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-ның Бас прокуратурасы Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорланғанын растаған болатын. Кейіннен баланың қорғаушылары бұл іске қатысы бар адамдардың бәрін жазалауды талап етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау