Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Зорлап тастай жаздаған: Алматыда 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсап көз жұмды

Алматыда зорлыққа ұшырай жаздаған 15 жастағы қыз көз жұмды. Ол өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қыз жылап отыр

#НеМолчиKZ қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова Facebook желісінде мәлімдегендей, 15 жастағы қыз 9 маусымда өзіне қол салған. Дәрігерлер оның өмірі үшін 3 күн бойы күресті. Өкінішке орай, қыз 12 маусымда көз жұмған. 

2018 жылдың 26 қыркүйегінде оқушы қыз 19 жастағы танысының туған күнін атап өтуі үшін, үйіне барған. Жігіт сол жерде оны жақындарымен таныстыратынын айтыпты. 

«Ол қызымды алдап, пәтерге алып барды. Өзінің туған күні екенін, үйіне шақырып, жақындарымен таныстырғысы келетінін айтқан. Қызым ештеңеден күдіктенбепті. Алайда пәтерде ешкім болмай шығып, екеуі оңаша қалады. Ол қызымның үстіндегі киімін шешпек болған. Қызым шалбарын шешуге жол бермей, қолынан келгенше қарсыласып, артынша қашып шығыпты», - депті қыздың анасы 2018 жылы. 

Сол жағдайдан кейін оқушы қыздың қандай күйде жүргеніне қарамастан, мектеп психологы оған қысым көрсетіпті. 

«Бетпе-бет кездесу, көп кемсіту болды. Тергеуші анасының көз алдында кемсіткен. Ал жауап алу кезінде болған психолог жандарм сияқты. Тергеушінің кабинетінде отырып, жәбірленушінің әрекеттеріне баға беретін кәсіби психологты елестете аласыздар ма? Қыз 14 жаста, ал жігіт 19-да. Психолог: «Сен не ойладың?» - дейді. Ол ойланбаған болуы мүмкін, зорлауды жоспарлаған шығар. Ал қыз не ойлады? Өзін зорлағысы келетінін түсінбеді ме? Иә, ол түсінген жоқ. Тіпті, солай күдіктенген күннің өзінде, төбелесе алатынына, өз күшіне сенді. Сол оқиғадан кейін қыз шашын қиып тастады», - дейді Дина Смайылова. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр