Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зиянды сүттер сатылымда: Сүт өндірушілер қазақстандықтарды алдап келеді

Сүт өндірушілер қазақстандықтарды алдаумен келеді. Өз өнімдерін өткізу үшін, түрлі айла-шараларға баруда. Әсіресе, тауардың қорапшасындағы таңбалар сын көтермейді.

© Fotolia / Art Allianz

Ал табысын еселеуді көздеген пысықай кәсіпкерлерді орнына қоятын тиісті заң жоқ. Оның әлсіздігінен айналып келгенде қарапайым тұтынушылар зардап шегуде. Еліміздің бас санитарлық дәрігері осылай деп дабыл қақты. Жалпы сүт өнімдерін таңдағанда басты назарды неге аудару қажет? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Халық сүтті таңдағанда ең алдымен оның шығарылған мерзіміне қарайды. Алайда бұл дұрыс емес. Сарапшылардың айтуынша, ашыған сүт бірден білінеді. Ал сүттің құрамынан улы заттар табылса, ол адамды ұзақ уақыт бойы улап жатады».

Еліміздің сауда орындарында сатылып жатқан әрбір бесінші сүт өнімі талапқа сай емес. Бұны еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің өзі растады. Бар мәселе өнімнің қорапшасындағы жазуларда. Тұтынушылар оған аса көңіл аудары керек.

«Ең бірінші құрамы. Құрамында тек «табиғи сиыр сүті» деген жазу болу керек. Оны алуға болады. Ал құрамында «сүт өнімі», десе дұрыс емес, ең кемі үш сөзден аса сөз тұратын болса, оның ішінде қоспалары бар» – Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тұрсын Жаппарова.

Стастистиканы сөйлетсек, ТМД елдері арасында сүтті ең көп пайдаланатын біздің ел екен. Әлбір қазақстандық жылына шамамен 300 литр сүт тұтынады. Нарықтағы сүттің 60-70 пайызы шетелден келеді. Дәл осы өнімдердің сапасы сын көтермейтін көрінеді. Айналымда жүрген сүт өнімдерінің сапасы жайында халық та жағымсыз пікірде.

«Талай талай рет болды. Бір емес бірнеше рет болды. Пакетінен құйғаннан кейін сразу алып барамыз. Міне, мына сүтіңіз ашып кетіпті деп. Іріп кетті деп. Енді әкелгесін түзу сүт әкелмей ме екен».

«Кейде анау сүт, өзңміз қазақпыз ғой, сүттің қалай пісіп қалай қойған? Кейде өз өзінен көпіреді анау сүтіміз пісіргенде. Басылмай».

«Кейде іріп кетеді. Ойлаймыз енді күнара, күнде аламыз почему не свежие деп өзім таңғаламын например».

«Чем больше мерзімі ұзақ болған сайын, сомнительный болады ғой. Сол үшін оны да алмаймыз».

Сүт неғұрлым көп сақталған сайын, оның пайдасы төмендей түседі. Бірақ, қазір айналымдағы сүттердің сақталу мерзімі 1 жылға дейін барады. Өйткені, адамды ауруға шалдықтыратын пальма майын қосады. Өйткені, арзан. Оның бір тоннасы 700 доллар тұрса, ал сүт майының тоннасы 10 мың долларға жуықтайды. Ең сорақысы, ақшаға құныққан кәсіпкерлер шетелден оны тонналап тасуда. Әрі бұл көрсеткіш жыл сайын 50 пайызға артып отыр.

«Пальма майы тек сүт өнімдерінде ғана емес, кондитерлік өнімдер мен балалар тағамдарында көптеп кездеседі. Оны тұтынған адамдарда дәрумен жетіспеушілігі пайда болады. Пальма майының балқытылған ірімшік, сүзбе, зауытта жасалатын сары май, кондитерлік өнімдер мен қытырлақ картоптың құрамындағы үлесі 60 пайызға дейін жеткен» – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ахмед Мұрадов.

«Мысалы, қаймақ деген сөзде табиғи сүт, табиғи қаймақ деп жазылу керек. Оған қандай қоспа болды, соны жазу керек. Ал шетелден келетін өнімдерде қаймақ демейді, «қаймақ тағамы» дейді» – Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тұрсын Жаппарова.

Ең қарапайым мысал, таза сүттің құрамында тек «табиғи сиыр сүті» деген жазу болуы тиіс. Оған қосымша түрлі жазбалар болса, одан бас тартқан абзал. Яғни, өнімнің қорабындағы жазуларды зер салып оқу қажет. Ал билік басында отырғандарға мамандар шетелден келетін өнімдерді бақылау үшін дәл шекараның өзін зертханалармен қамтамасыз етуді ұсынады.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда ауруханаға түскен сәби бір айдан кейін сал болып қалды

Қаназдық (анемия) дертіне шалдықпас үшін қандай ұнды таңдаған жөн?

Керек кеңес: Асқазан жарасын какаомен толықтай емдеп жазуға болады

Талқылау