Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізушіні куәлігінен айыру үшін соттың шешімі енді керек болмай қалуы мүмкін

Жүргізушіні куәлігінен айыру үшін соттың шешімі енді керек болмай қалуы мүмкін. Ол полицияның құзырына берілмек. Ішкі істер министрлігі осындай заң жобасын жасап жатыр. Дегенмен, полиция шешімімен келіспеген жағдайда, азаматтардың сотқа шағымдану құқығы қала береді, деп хабарлады КТК.

Жүргізушіні куәлігінен айыру үшін соттың шешімі енді керек болмай қалуы мүмкін

Министрліктің мұндағы мақсаты, маңызы төмен мәселелермен соттың басын қатырмау екен. Өйткені, заң жобасын жасаушылардың мәліметінше, 2016 жылы сотқа 7 жарым мың шағым түсіпті. Соның жартысынан астамы көліктердің ереже бұзуына қатысты. Бірақ, көпшілігі нәтижесіз қалады. Тек 690 қаулы өзгертілген. Сондықтан, Ішкі істер министрлігі заң жобасы арқылы сот құзыретінен Әкімшілік кодексте көрсетілген мынадай ережелерге қатысты істерді қарауды алып тастауды көздейді.

Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiмнен алып тастау, қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, ол мемлекеттік органдар мекемелеріне тапсырылады.

Тағы оқыңыз: 

Қарыз қайтарылсын: Назарбаев ақшаны қайтармаған банктерге шүйлікті

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін қандай жаза күтіп тұр

Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

Қазақстандықтарға шетелден төмен пайызбен несие ұсынатын алаяқтар пайда болды

Талқылау